ҚРҰБ ставкасы 29.04.2026
USD: 457.21 RUB: 6.08
Сайт мәзірі

ЕТС ЕАЭО тауар нарықтарының халықаралық биржалық индикаторларын жариялай бастады

20.08.2025

«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ (ЕТС) Қазақстан нарығына алғаш рет Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен көршілес мемлекеттердің биржалары бірлесіп әзірлеген Тауар нарықтарының халықаралық индикаторлар жүйесінің мәліметтерін ұсынады. Деректер тұрақты түрде жарияланып отырады.

Жобаның бастамашысы – IT-платформаны ұсынған Санкт-Петербург биржасы. Әзірлеуге сондай-ақ Беларусь әмбебап тауар биржасы (БУТБ), «Қырғыз қор биржасы» ЖАҚ (ҚҚБ) және Өзбекстан республикалық тауар-шикізат биржасы қатысты. Қазақстанда индикатор деректерін өз платформасында жариялап отырған жалғыз биржа – ЕТС.

Алғашқы кезеңде мұнай өнімдері, сұйытылған көмірсутек газы, сығылған табиғи газ, металдар, ағаш материалдары, көмір, астық және майлы дақылдар бойынша индикаторлар ұсынылды. Алдағы уақытта тізімді минералды тыңайтқыштар мен полимерлер есебінен кеңейту жоспарланып отыр.

«Халықаралық индикаторлар жүйесін құру – өңір биржаларының көпжылдық бірлескен жұмысының нәтижесі. Ол ашық әдіснамаға және нақты мәмілелерге негізделген, бұл деректердің сенімділігі мен объективтілігін қамтамасыз етеді. Бизнес үшін бұл – жоспарлау мен инвестициялық шешім қабылдаудың жаңа деңгейі», — деп атап өтті «ЕТС» АҚ басқарма төрағасы Құрмет Оразаев.

Оның айтуынша, индикаторлар тек трейдерлер мен реттеуші органдарға ғана емес, сонымен қатар экономикалық қызметке қатысушылардың кең ауқымына да пайдалы болады:

«Біздің міндетіміз – тек деректерді жариялау емес, өңірлік нарықтың цифрлық айнасын қалыптастыру. Индикаторларға тұрақты қолжетімділік нарық қатысушылары мен мемлекеттік органдарға өзгерістерге жедел әрекет етуге және тауар нарықтарында теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл биржалық саудаға сенімді күшейтеді, трансшекаралық сауданы ынталандырады және ЕАЭО елдерінің әрі қарай интеграциясына ықпал етеді».

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық индикаторлар жүйесін құру идеясы 2024 жылдан бері талқыланып келеді. Сол жылы Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей биржалары баға ақпаратын алмасу және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. 2025 жылғы наурызда Алматыдағы ЕТС алаңында жұмыс тобының отырысы өтіп, тауарлардың базалық тізімі келісілді және индикаторларды жариялайтын бірыңғай ресурс құру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі іске қосу – осы жұмыстың нақты нәтижесі әрі ЕАЭО ішіндегі интеграциялық үдерістердің жаңа кезеңі.

Санкт-Петербург биржасы туралы


Санкт-Петербург биржасы – Ресейдегі ең ірі тауар биржасы. Ол мұнай өнімдері, мұнай, мұнай химиясы, табиғи газ, СКГ, металдар, ағаш және құрылыс материалдары, минералды тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылық тауарлары нарықтарында, сондай-ақ туынды құралдар нарығында биржалық сауда ұйымдастырады. Ресей ішкі нарығына жеткізілетін негізгі мұнай өнімдерінің төрттен бірі осы Биржада саудаланады. Санкт-Петербург биржасы ресейлік тауарларға әділ баға қалыптастырудың ашық механизмін жасайды. Биржа 2008 жылғы мамырда құрылған. Акционерлері – Ресейдің жетекші мұнай-газ компаниялары.

ЕТС туралы


«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ (ЕТС) – Қазақстандағы ең ірі сауда алаңдарының бірі, 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Биржа 100 жылдан астам деректерді мұрағаттауға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Бұл мәмілелердің жоғары деңгейдегі ашықтығын, кепілдігін және сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

ЕТС тобы халықаралық қатысуын белсенді кеңейтуде. 2024 жылы Биржа экспорттық-импорттық операциялар мен валюталық мәмілелерді дамытуға бағытталған ETSE экспорттық сауда платформасын құруға лицензия алды. Бұл платформа ұйымдасқан тауар нарығын қалыптастыруда және халықаралық сауда инфрақұрылымын дамытуда маңызды құралға айналмақ.

Ценовые индикаторы на биржевые товары рынка ЕАЭС (Данные предосталены за период с 10 по 19 августа)
Группа Товар ед. изм. Казахстан (KZT) Россия (RUB) Беларусь (BYN) Узбекистан (UZS)
Нефтепродукты Бензин АИ 92 тонн 72 044.00 12 997 005.75
ТОО ПНХЗ, FCA Павлодар-порт тонн 249 446,46
ТОО ПКОП, FCA Текесу тонн 249 109,73
ТОО АНПЗ, FCA Тендык тонн 226 327,56
Бензин АИ 95 тонн 81 154.00
ТОО ПНХЗ, FCA Павлодар-порт тонн 278 692,63
ТОО ПКОП, FCA Текесу тонн 278 356,00
ТОО АНПЗ, FCA Тендык тонн 257 415,36
Дизельное топливо тонн 60 750.00 13 158 585.71
ТОО ПНХЗ, FCA Павлодар-порт тонн 327 112,03
ТОО ПКОП, FCA Текесу тонн 320 176,76
ТОО АНПЗ, FCA Тендык тонн 320 311,40
Авиакеросин тонн 69 992.00
ТОО ПНХЗ, FCA Павлодар-порт тонн 380 551,00
ТОО ПКОП, FCA Текесу тонн 400 173,90
ТОО АНПЗ, FCA Тендык тонн 388 435,60
Сжиженный газ 1000 м3 16 308.00 6 835 397.91
Металлы Арматура 4-32 мм тонн 1 570.00
Уголок 25-125 мм равнополочный тонн 1 960.00
Лесоматериалы Лесоматериалы круглые хвойных пород м3 147.57
Энергоносители Уголь тонн
Зерно и масличные культуры Пшеница тонн 2 361 657.21
Сельхозтовары Сахар тонн
Алматы EXW 372 500,00
Алматы FCA 425 000,00
Шымкент EXW 370 000,00
Шымкент FCA 360 000,00
Караганда FCA 389 000,00
Кокшетау FCA 393 000,00
Актобе FCA 391 000,00
Тараз EXW 370 000,00
Внебиржевые индикаторы ЕТС
Группа Товар ед. изм. Казахстан (KZT)
Энергоносители Уголь марки Д, EXW, АО Горнорудная компания SatKomir (СатКомир) тонн 7 575,56
Зерно и масличные культуры Пшеница тонн
Пшеница Triticum Aestivum L. 5 DAP ст. Турксиб (71510) тонн 101 921,00
Пшеница неклассная, клейковина 18-25%, DAP ст. Сарыагаш. тонн 86 005,00
Сельхозтовары сахар белый, EXW тонн 373 636,36
Рыночные оптовые и розничные ценовые индикаторы на нефтепродукты
Группа Товар ед. изм. Казахстан (KZT)
Оптовые Розничные
EXW НПЗ
тонн
FCA жд станция
тонн
Город Тенге
литр
Нефтепродукты Бензин АИ 92
ТОО ПНХЗ, FCA Павлодар-порт тонн/литр 259 000,00 252 250,00 Астана 212
Алматы 213
Шымкент 198
ТОО ПКОП, FCA Текесу тонн/литр 262 000,00 252 250,00 Павлодар 208
Уральск 205
Атырау 188
ТОО АНПЗ, FCA Тендык тонн/литр 236 000,00 229 350,00 Караганда 214
Петропавловск 220
Бензин АИ 95
ТОО ПНХЗ, FCA Павлодар-порт тонн/литр 289 000,00 280 300,00 Астана 255
Алматы 260
Шымкент 250
ТОО ПКОП, FCA Текесу тонн/литр 290 000,00 280 300,00 Павлодар 245
Уральск
Атырау
ТОО АНПЗ, FCA Тендык тонн/литр 272 000,00 259 300,00 Караганда 255
Петропавловск 275
Дизельное топливо
ТОО ПНХЗ, FCA Павлодар-порт тонн/литр 350 000,00 317 600,00 Астана 309
Алматы 307
Шымкент 296
ТОО ПКОП, FCA Текесу тонн/литр 330 000,00 317 600,00 Павлодар 310
Уральск 305
Атырау 285
ТОО АНПЗ, FCA Тендык тонн/литр 323 000,00 317 600,00 Караганда 315
Петропавловск 320
Авиакеросин
ТОО ПНХЗ, FCA Павлодар-порт тонн 435 000 330 000
ТОО ПКОП, FCA Текесу 430 000 330 000
ТОО АНПЗ, FCA Тендык тонн 420 000 330 000