ETC Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды
«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды. «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарманың жаңа құрамы бекітілді.
Басқарма құрамына төмендегі тұлғалар кірді:
Құрмет Оразаев – «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ Басқарма төрағасы. Тауар нарықтары мен биржалық сауда саласында көпжылдық басқарушылық тәжірибеге ие. Бұған дейін агроөнеркәсіп кешенінде, пошта-логистика саласында және мемлекеттік холдингтерде басшылық қызметтер атқарған.
Клара Мұхадиева – Басқарма төрағасының орынбасары. Биржалық сауданы ұйымдастыру және дамыту саласында терең сараптамалық білімі мен елеулі басқарушылық тәжірибесі бар. Әр жылдары «ЕТС» тауар биржасы» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ компанияларында басшылық лауазымдарды атқарып, негізгі инфрақұрылымдық және операциялық процестерді қалыптастыруға және басқаруға қатысқан.
Санджар Аджигалиев – Басқарма мүшесі. Стратегиялық басқару, қаржы, маркетинг және бизнес-процестерді цифрландыру салаларында көпжылдық тәжірибесі бар. IT, өнеркәсіп және логистика секторларындағы компанияларда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
Ерлан Ермаханов – Басқарма мүшесі. Қазынашылық, аудит және корпоративтік қаржылық есептілік салаларында, соның ішінде энергетика және қаржы секторларында, сондай-ақ халықаралық консалтингтік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар кәсіби қаржыгер.
Басқарма құрамындағы өзгерістер басқарушылық команданы нығайтуға және ЕТС қызметін одан әрі дамытуға бағытталған.
Аталған шешім 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап күшіне енеді.