ҚРҰБ ставкасы 02.05.2024
USD: 442.05 RUB: 4.74
Сайт мәзірі

Сарапшылар дәнді және майлы дақылдардың айналымы мен өндірісін ұйымдастырудың жаңа моделін дамытуды талқылады

12.01.2023

ets-11-11.png


«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері дәнді және майлы дақылдардың айналымы мен өндірісін дамыту бойынша талқылау өткізді. Алматыда «ЕТС» Ұлттық компаниясы мен тауар биржасы өкілдерінен құралған көшпелі кеңес өтті.

Қатысушылар осы күнге дейін қалыптасқан нарықты одан әрі дамыту, оның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы өнімі құнының ұлттық индикаторларын қалыптастыру туралы сөз қозғады. Осы салада халықаралық тәжірибеге шолу жасалып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалыптасып қалған нарығын одан әрі дамыту бағыттары пысықталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы арқылы өтетін астықтың заңсыз экспорты мен кері экспорты мәселелері де осы жиында қаралды.

Бұл жобаны іске асырудың 3 кезеңі бар десек, ол үшеуі де қатар, яғни бірге іске асырылатын болады.

«Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы дәнді және майлы дақылдар нарығының жетекші буыны және маркет-мейкері болады, деп болжанып отыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында спот нарығы құнының (*спот - дереу есеп айырысу), мерзімді нарық құнының, сондай-ақ экспорттық және импорттық нарықтары құнының индикаторларын қалыптастыру ұсынылған.

Бұдан бөлек, астық нарығының «сандық айнасын» қалыптастыру және астық нарығының инфрақұрылымын, оның ішінде элеваторлық жүйенің қуатын арттыру көзделеді. Ол үшін халықаралық қаржы институттарынан қаржы тарту жоспарланған.

Айта кету керек, бұған дейін қалыптасқан халықаралық тәжірибе, оның ішінде түріктің Конья биржасы мен ауылшаруашылық өнімдерінің айналымы саласындағы Ресей хартиясы да мұқият зерделенетін болады.

Бұл жұмыстар 2023-2025 жылдарға бағытталған мерзімді астық нарығын дамытудың жол картасы шеңберінде жүргізілмек.