Интерфейстен де артық: ЕТС әр брокерге жеке көзқарас ұсынады
10 сәуір күні ETC тауар биржасының өкілдері, технологиялық серіктестер және нарық қатысушыларының қатысуымен іс-шара өтті. Кездесудің басты оқиғасы ETC сауда жүйесінің жаңартылған нұсқасының таныстырылымы болды.
Жүйедегі маңызды жаңалықтардың бірі – «Жұмыс үстелі» модулі. Бұл — пайдаланушы үшін жеке жұмыс кеңістігін баптауға мүмкіндік беретін жаңа функционал. ETC биржасында жұмыс істейтін «АТС Brok» ЖШС өкілдері бұл модульді трейдерлер мен брокерлік командалар үшін платформаны нақты міндеттерге бейімдеудегі үлкен серпіліс деп бағалады.
«Жұмыс үстелі» модулі интерфейсті жеке қажеттіліктерге сай баптауға мүмкіндік береді: мәмілелер, тапсырыстар, графиктер, котировкалар, есептер сияқты қажетті блоктарды бір терезеде орналастырып, олармен ыңғайлы жұмыс істеуге болады. Бұл әртүрлі бөлімдер арасында үнемі ауысып отыру қажеттілігін жояды және шешім қабылдау уақытын қысқартады.
«АТС Brok» ЖШС директоры Ерлан Айтжанов былай деп атап өтті:
«Брокер ретінде біз көптеген клиенттермен және мәмілелермен жұмыс істейміз. Интерфейсті өзімізге ыңғайлы етіп “құрастыру” мүмкіндігі — біз үшін өте маңызды. Жаңа “жұмыс үстелінің” арқасында біз бейімделу мен оқытуға кететін сағаттарымызды үнемдейміз. Барлығы түсінікті және икемді».
Бұл модуль әртүрлі секторлармен және көптеген контрагенттермен жұмыс істейтін компаниялар үшін аса пайдалы: трейдер тапсырмаға байланысты шаблондар арасында тез ауыса алады. Осылайша, ETC платформасы тек технологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар күнделікті тәжірибе үшін де қолайлы құралға айналады.
Айта кетейік, ETC жаңартылған платформасы пайдаланушылардың кері байланысына, халықаралық үздік тәжірибелерге және тауарлық алаңдардағы көпжылдық жұмыс тәжірибесіне негізделе отырып әзірленген.
ETC туралы
«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ (ETC) — 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстандағы ірі сауда алаңдарының бірі. Биржа 100 жылдан астам уақытқа арналған деректерді архивтеуге мүмкіндік беретін бірегей бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдаланады. Бұл сауданың ашықтығын, мәмілелердің кепілдігін және қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.
ETC тобы халықаралық қатысу аясын белсенді түрде кеңейтіп келеді. 2024 жылы биржа экспорттық сауда платформасы — ETSE-ні құруға лицензия алды. Бұл платформа экспорт-импорт операцияларын және валюта мәмілелерін дамытуға бағытталған. Ол ұйымдасқан тауар нарығын қалыптастыру мен халықаралық сауда инфрақұрылымын дамытуда маңызды құрал болмақ.