ҚРҰБ ставкасы 20.01.2026
USD: 509.63 RUB: 6.54
Сайт мәзірі

ЕТС биржасы 2026 жылдан бастап енгізілетін лицензиялауға брокерлерді жүйелі түрде дайындауды жалғастыруда

27.11.2025

«Еуразиялық Сауда Жүйесі» Тауарлық биржасы» АҚ (ЕТС) аккредиттелген брокерлерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін брокерлік қызметті міндетті лицензиялауға көшуге дайындау бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Реттеудің жаңа кезеңі кәсіби қатысушылар қызметінің ашықтығы мен сапасын арттыруға, сондай-ақ брокерлік ұйымдарға бірыңғай талаптар қалыптастыруға бағытталған. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі №31 бұйрығына және ҚР Сауда және интеграция министрі м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы №116-НҚ бұйрығына сәйкес енгізіледі, олар биржалық сауда саласында лицензия алу үшін нормативтік базаны айқындайды.

Бағдарламаның іске қосылуы нарық үшін брокерлердің кәсіби қызметін реттеу мен ашықтықтың жоғары стандарттарына көшуді білдіреді. Қазіргі кезеңде ЕТС биржасы ұсынымдар жинағын әзірлеп, қатысушыларға лицензиялауға дайындық деңгейі туралы өзекті ақпарат жинау үшін сұраныс жіберді. Құжатта негізгі бағдарлар топтастырылған: басшылық пен қызметкерлердің біліктілігі, білім беру және кадрлық талаптардың расталуы, жұмыс істейтін корпоративтік интернет-ресурстың болуы, сондай-ақ ішкі құжаттардың толық тізбесі: шарттық база, тарифтер, ішкі бақылау қағидалары (ҚТ/ҚЖ), сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс стандарттары және лицензиялау рәсімінен өту үшін қажет өзге де регламенттер. Мұндай тәсіл қатысушыларға өз процестерін алдын ала бағалап, өзгерістерге біртіндеп және сабырлы түрде дайындалуға мүмкіндік береді.

Биржа деректерді жинау және аналитикалық өңдеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл брокерлік қауымдастықтың жалпы дайындық деңгейін бағалауға, әдістемелік немесе ұйымдастырушылық қолдау қажет болуы мүмкін бағыттарды анықтауға, сондай-ақ ішкі рәсімдерін жетілдіруді талап ететін қатысушыларға нақты сүйемелдеу көрсетуге мүмкіндік береді. Келесі кезеңде ЕТС қатысушылармен жұмыс форматында өзара әрекеттесуді жалғастырып, рәсімдер бойынша түсіндірмелер мен брокерлерге лицензиялау үдерісінде бағдар алуға көмектесетін өзекті әдістемелік ақпарат ұсынады.

Алдағы өзгерістер нарық үшін кәсіби стандарттарды дамыту мен жаңартудың маңызды кезеңі болмақ. Лицензиялаудың енгізілуі брокерлік ұйымдардың біліктілігі мен ішкі талаптарына бірыңғай көзқарас қалыптастырып, қатысушыларға деген сенімді күшейтіп, нарықтағы жұмыс сапасын арттырады. Өтпелі кезең брокерлерге процестер мен құжаттаманы жаңа реттеу талаптарына алдын ала сәйкестендіруге және өзгерістерге жайлы режимде бейімделуге мүмкіндік береді.

ЕТС нарықтың барлық қатысушылары үшін ашық, қолжетімді және қолдаушы орта қалыптастыруды жалғастыруда. Биржа ашық және заманауи биржалық инфрақұрылым аясында жұмысын дамытуға ниетті жаңа брокерлік ұйымдарды қуана қарсы алады.

Байланыс үшін: +7 727 244 57 80, +7 701 718 93 99