ҚРҰБ ставкасы 07.02.2026
USD: 494.63 RUB: 6.42
Сайт мәзірі

ETС биржасы жаңартылған сауда жүйесін таныстырды: қарапайым, ыңғайлы, тиімді

17.04.2025

10 сәуір күні ETС тауар биржасының өкілдері, технологиялық серіктестер мен нарық қатысушыларының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара барысында ETС сауда жүйесінің жаңартылған нұсқасы сынақтық түрде таныстырылды. Платформа Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) юрисдикциясында Astana Hub резиденті болып табылатын технологиялық компаниялармен бірлесіп әзірленді. Жоба пайдаланушылардың пікірлері, халықаралық үздік тәжірибелер және тауарлық алаңдарда ұзақ жылғы жұмыс тәжірибесі ескеріле отырып жүзеге асырылған.

Платформада сауда, котировка, өтінімдер, мәмілелер, портфель, графиктер, есептер және басқа да негізгі модульдер бір терминалда біріктірілген. Пайдаланушылар интерфейсті өз қажеттіліктеріне қарай бейімдеп, шаблондарды сақтап, режимдер арасында жылдам ауыса алады. Бұл уақытты үнемдеуге және трейдердің күнделікті жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар жаңартылған интерфейстің ыңғайлылығын, қосылу мен жұмыстың қарапайымдылығын, интуитивті навигация мен жұмыс кеңістігін икемді баптауды ерекше атап өтті. Интерфейс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді; қазақша нұсқасы әзірге жетілдіру кезеңінде.

Талдау мен есептіліктің ендірілген құралдары, сондай-ақ деректерді беру кезіндегі қателерді болдырмайтын ITS клирингтік жүйесімен терең интеграция жоғары бағасын алды.

Платформаның технологиялық инфрақұрылымы тауар нарығының цифрлық биржалық айнасын құруға мүмкіндік береді — Қазақстан Республикасының ішінде ғана емес, сонымен қатар аймақтық деңгейде де. Бұл нарық қатысушыларының мінез-құлқын, жеткізу шарттарын, мәмілелер мен сауда статистикасын талдауға мүмкіндік беріп, серіктестердің сенімділігін бағалауға және негізделген шешімдер қабылдауға жол ашады.

«Мекенделген мәмілелер» құралы биржадан тыс сауданың икемді шешіміне айналды. Бұл құрал тікелей жасалатын биржадан тыс мәмілелерді тіркеуге арналған, ол көптеген клиенттердің тіркелуін қамтамасыз етіп, биржадан тыс нарықты цифрландыруды жеделдетеді. Сонымен қатар, бұл құрал клирингтік орталықтың қатысуымен жасалатын мәмілелерде де қолданылады, бұл тараптар арасындағы міндеттемелердің сенімді орындалуын қамтамасыз етеді.

Платформа заманауи қолайлылық пен мобильділік талаптарын ескере отырып әзірленген. Ол компьютерден бастап смартфонға дейінгі түрлі құрылғыларға бейімделе алады. Қазіргі уақытта платформа дербес компьютерлер мен ноутбуктарға арналған нұсқаларда қолжетімді.

Жаңартылған жүйе қазірдің өзінде АХҚО юрисдикциясындағы ETSE жобасы аясында енгізілген. Қазақстанның ішкі нарығында іске қосу ақпараттық қауіпсіздік аттестатын алғаннан кейін жүзеге асады.

ETС басқарма төрағасы Күрмет Оразаев былай деді: «Біздің басты мақсатымыз — сауда процестерін жеңілдетіп қана қоймай, нарыққа деген сенімді арттыру. Біз қазіргі және болашақтағы қатысушылардың талаптарына сай келетін заманауи, икемді және ашық инфрақұрылым құруға ұмтыламыз. Жаңа жүйе бүгіннің өзінде бұрын мүмкін емес болып көрінген ыңғайлылық пен талдауды қамтамасыз етіп отыр».

ETС биржасы туралы


«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ (ETС) — Қазақстандағы ең ірі сауда алаңдарының бірі, 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Биржа 100 жылдан астам деректерді мұрағаттауға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады, бұл сауданың айқындылығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ мәмілелердің кепілдігін қамтамасыз етеді.

ETС тобы халықаралық ауқымда кеңеюді белсенді жүргізіп келеді. 2024 жылы биржа экспорттық-импорттық операциялар мен валюта мәмілелерін дамытуға бағытталған ETSE экспорттық сауда платформасын құруға лицензия алды. Бұл платформа ұйымдастырылған тауар нарығын қалыптастыру мен халықаралық сауда инфрақұрылымын дамытуда маңызды құралға айналады.