ЕТС Биржасы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік актісін алды
«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік бойынша оң акт алды.
Киберқауіпсіздікті күшейту бойынша жұмыс – бұл жалпыәлемдік тенденция, әрине, Қазақстан үшін де өзекті, себебі ақпараттық қауіпсіздік – қазіргі заманғы IT инфрақұрылымның ажырамас бөлігі. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптар үнемі өзгеріп, өсіп отырады, алайда ЕТС Биржасы әрдайым өзекті жаңашылдықтарды енгізуде алдыңғы қатарда болады.
Осы жылы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік үшін биржа ауқымды жұмыс жүргізді. Атап айтқанда: серверлер мен желілік жабдықты толық жаңарту, серверлерді TIER-3 деңгейлі деректер орталығына көшіру, виртуализация платформасын пайдалану, SIEM және DLP кешендерін қолдану және тағы басқа шаралар.
Бұл іс-шаралар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті тексеру барлық кезеңдерін өткізуге мүмкіндік берді және регулятордан сынақ нәтижелері бойынша оң акт алуға жағдай жасады.
Айта кету керек, ЕТС Биржасы нарықта жұмыс істеген уақытында бірнеше рет осы талаптарға сәйкестік бойынша аттестациядан өткен. Ақпараттық қауіпсіздікті аудиттеу және қызметкерлерді оқыту тұрақты жүргізіледі. Барлығы деректерді қорғау және сақтау, бизнестің үздіксіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет.