ЕТС Биржасы көмір секциясының қатысушылары үшін аккредитация жөніндегі жаңартылған памятканы жариялады
«Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасы АҚ көмір секциясының қатысушыларына аккредитация жөніндегі памятканың жаңартылғаны туралы хабарлайды. Құжат ҚР заңнамасының кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ҚҚ/ТҚ) саласындағы талаптарына сәйкес жаңартылды.
Қазақстан Республикасының «Жылжымалы мүліктен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес биржа клиенттерді сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау, операцияларды мониторингтеу және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру бойынша міндетті іс-шараларды жүзеге асырады. Аталған Заңның 5-бабы негізінде биржа қаржылық мониторинг субъектісі ретінде клиентті, оның бенефициарлық меншік иесін, өкілін/бірінші басшысын тексеру үшін қажетті құжаттар мен деректерді сұратуға құқылы.
Жаңартылған памяткамен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://ets.kz/markets/coal/documents/
Биржа сондай-ақ қатысушыларды ҚҚ/ТҚ талаптары бойынша онлайн-оқытуға шақырады. Оқу 12 желтоқсан күні сағат 15:00-де өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us06web.zoom.us/j/88255240761?pwd=kX8a9VGlYGaro3r379qrSkZCoKwzEe.1
Қатысу коды: 386355