Беларусь пен Қазақстан күш біріктіреді: тауар биржалары стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
05.03.2025
Келісімнің мақсаты – ішінара байланыстарды нығайту және Беларусь пен Қазақстанның шаруашылық субъектілері арасында биржалық құралдарды пайдалана отырып, екіжақты сауданы дамытуға жәрдемдесу. Ынтымақтастық аясында биржалық сауда процесін оңтайландыру бойынша күш-жігерді үйлестіру, биржалық құралдарды қолдану тәжірибесін зерттеу және алмасу, сондай-ақ биржалық сауда қатысушыларының географиясы мен санын кеңейту жоспарлануда. Ынтымақтастықтың маңызды аспектісі – екі ел арасындағы сауда операцияларының ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
Тараптар биржалық саудаға аккредиттелген қатысушылар арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, заманауи биржалық сауда технологияларын енгізу арқылы екі ел кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлеуетті тауар позицияларын бірлесіп пысықтауға келісті. Келісімнің маңызды бөлігі – биржалық нарық қатысушыларының қатысуымен бірлескен оқыту іс-шараларын, конференцияларды, дөңгелек үстелдер мен семинарларды өткізу.
Келісімде ақпараттық-талдау материалдарымен, маркетингтік зерттеулер нәтижелерімен және биржалық тауарлардың бағаларын мониторингілеу бойынша деректермен алмасуға ерекше көңіл бөлінген. Тараптар сондай-ақ делегациялармен тұрақты алмасуға, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауға және өзекті мәселелерді жедел шешу үшін сараптамалық-консультациялық топтар құруға дайын екендіктерін білдірді.
«Бұл келісім екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа көкжиектерін ашады. Биржалық сауда саласындағы күш-жігерімізді біріктіру нарық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, сауда операцияларының ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті БУТБ басқарма төрағасы Александр Осмоловский.
«Бұл құжатқа қол қою – Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Биржалық инфрақұрылымды дамыту және тәжірибе алмасу бойынша бірлескен күш-жігер өзара сауда көлемін ұлғайтуға және жаңа қатысушыларды тартуға қолайлы жағдай жасайды деп үміттенеміз», – деп атап өтті өз кезегінде ЕТС бамқарма төрағасы Құрмет Оразаев.
Қол қойылған келісім БУТБ мен ЕТС арасындағы әріптестікті одан әрі тереңдетіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ынталандырады және Беларусь пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтады. Келісімді жүзеге асыру өзара сауда көлемін арттыруға және биржалық саудаға қатысушылар шеңберін кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде.