ҚРҰБ ставкасы 05.11.2026
USD: 452.91 RUB: 5.53
Сайт мәзірі

Баспасөз релизі

05.11.2026

«ЕТС» тауар биржасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып табылатын әріптес ETSE Ltd. жеке компаниясының сауда платформасында қазақстандық астықты экспорттауға арналған келісімшарттарды тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды

Алматы қ., 05.11.2026

«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы ETSE Ltd. жеке компаниясымен бірлесіп, MTF ETSE көпжақты сауда алаңында қазақстандық астықты жеткізуге арналған экспорттық биржадан тыс келісімшарттарды тіркеудің басталғанын хабарлайды. Пилоттық тіркеу 2026 жылғы қазан айында басталды және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-мен (Азық-түлік корпорациясы) ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылуда. Тіркелген келісімшарттардың талаптары туралы ақпарат ETSE Ltd. компаниясының https://etse.kz/ru ресми сайтындағы «Баға индекстері» бөлімінде жарияланады.

Экспорттық биржадан тыс келісімшарттарды пилоттық тіркеу Азық-түлік корпорациясының экспорттық коммерциялық қызметінің өлшемшарттары туралы ақпаратты жұртшылыққа ұсынуға бағытталған. Бірінші кезекте шекара маңындағы теміржол өткізу пункттеріне дейін DAP жеткізу шарттарымен бидайды экспорттаудың ең сұранысқа ие бағыттары бойынша келісімшарттар тіркелуге жатады. Пилоттық жоба шеңберінде 2026 жылғы қыркүйекте жасалған, Қытай бағытына DAP Достық/Алашанькоу шарттарымен 3-сыныпты жұмсақ бидайды жеткізу туралы келісімшарт тіркелді.

Азық-түлік корпорациясының бұл бастамасы астық нарығына қатысушылармен көпжылдық сындарлы өзара іс-қимыл тәжірибесінің жалғасы болып табылады. Оның алғашқы кезеңінде ішкі астық нарығындағы тұрақтандыру бағдарламаларын іске асыру барысында тауар биржаларының сауда (цифрлық) технологиялары белсенді пайдаланылды. Ұлттық компания сыртқы сауда қызметінде де мәмілелердің ашықтығына, ынтымақтастықтың тең жағдайларына және әріптестердің өзара жауапкершілігіне негізделген ортақ бағдарлар төңірегінде нарық қатысушыларын біріктіруге ұмтылады.

Осы баспасөз релизінде келтірілген ақпарат Азық-түлік корпорациясы үшін ғана емес, экспорттаушылар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, трейдерлер және мемлекеттік органдар үшін де маңызды. Олар жасалатын экспорттық мәмілелердің нақты талаптарын көрсететін бағалық бағдарға ие болады.

БАҚ үшін байланыс телефоны: +7 705 226 16 38