Алматыда Түрікменстанның Мемлекеттік тауар-шикізат биржасы делегациясының сапары өтті
2026 жылғы 26–27 наурызда Алматы қаласында Түрікменстанның Мемлекеттіктауар-шикізат биржасы делегациясының «ЕТС» тауар биржасы» АҚ кеңсесінересми сапары өтті.
Сапар аясында биржалық сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуғажәне тәжірибе алмасуға бағытталған бірқатар жұмыс кездесулері ұйымдастырылды.
Келіссөздер барысында тараптар өз биржаларының қызметін таныстырып, сауданыұйымдастырудың қолданыстағы тәсілдерін талқылады және практикалық тәжірибеалмасты. Халықаралық ETSE сауда алаңын дамыту және трансшекаралық сауданыкеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Талқылаулардың жеке блогы тауар нарықтарындағы өзара іс-қимылперспективаларына, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізуге арналды. Атап айтқанда, қазақстандық тарап ETS-Tender платформасын таныстырып, электрондық сатып алуларсаласындағы ықтимал ынтымақтастық форматтары туралы баяндады.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің биржалары арасындағысеріктестік байланыстарды одан әрі нығайтуға негіз болатын өзара ынтымақтастықтуралы меморандум дайындау және қол қою жөнінде келісімге келді.
«Біз биржаларымыз арасындағы серіктестікті дамыту үшін жоғары әлеуетті көріпотырмыз. Сараптаманы және технологиялық шешімдерді біріктіру нарыққатысушылары үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, елдеріміздің халықаралық саудадағыпозицияларын нығайтады», — деп атап өтті «ЕТС» тауар биржасы» АҚ Басқарматөрағасының орынбасары Санджар Аджигалиев.
Сапар конструктивті іскерлік атмосферада өтіп, тараптардың биржалық саладағытұрақты әрі тиімді өзара іс-қимылды дамытуға деген өзара қызығушылығын растады.