2026 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2026 жылдың наурыз айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдері – бензин, дизель отыны және авиациялық отын бойынша бес негізгі сауда сессиясын және бір қосымша сауда сессиясын ұйымдастырды. Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықта жалпы көлемі 38 610 тонна болатын 177 мәміле жасалды.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштер келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензин – 19 240 тонна көлемінде 87 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 29 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 242 761,79 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 30 173 тонна көлемінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензин – 2 080 тонна көлемінде 13 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 8 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 310 803,28 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4 927 тонна көлемінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 4 290 тонна көлемінде 30 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 413 157,85 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5 226 тонна көлемінде бекітілген);
4) дизель отыны – 13 000 тонна көлемінде 47 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 18 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 326 258,40 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 18 285 тонна көлемінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасындағы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, наурыз 2026 жыл
|
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
|
Бензин АИ-92 |
FCA |
242 761,79 |
▼ -0,3% |
|
Бензин АИ-95 |
FCA |
310 803,28 |
▼ -3,0% |
|
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
413 157,85 |
▲+0,4% |
|
Дизель отыны |
FCA |
326 258,40 |
▼ -0,4% |