ҚРҰБ ставкасы 05.10.2026
USD: 447.73 RUB: 5.35
Сайт мәзірі

2026 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

01.10.2026

2026 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2026 жылдың қыркүйек айында ЕСЖ Биржасы бекітілген кестеге сәйкес бес негізгі сауда сессиясын, сондай-ақ тамыз айына қатысты үш қосымша сауда сессиясын ұйымдастырды. Қыркүйек айында мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықта жалпы көлемі 7 150 тонна болатын 45 мәміле жасалды. Оның ішінде қыркүйектің негізгі сессиялары аясында 2 470 тонна көлемінде 20 мәміле, тамыз айының қосымша сессиялары аясында 4 680 тонна көлемінде 25 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштер келесідей қалыптасты:

1) АИ-92 маркалы бензин – 4 615 тонна көлемінде 24 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 19 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 237 933,26 теңге деңгейінде қалыптасты. Барлық мәмілелер тамыз айына қатысты қосымша сауда сессиялары шеңберінде жасалды; қыркүйек айының жеткізу жоспарында АИ-92-ні тауар биржалары арқылы өткізу көзделмеген;

2) авиациялық отын – 325 тонна көлемінде 3 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 5 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 399 318,17 теңге деңгейінде қалыптасты. Оның ішінде қыркүйектің негізгі сессияларында 260 тонна көлемінде 2 мәміле, тамыз айына қатысты қосымша сессияда 65 тонна көлемінде 1 мәміле жасалды (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 1 648 тонна көлемінде бекітілген);

3) мұнай жол битумы – 2 210 тонна көлемінде 18 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 4 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 196 718,88 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5 000 тонна көлемінде бекітілген).

ЕСЖ Биржасындағы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2026 жылғы қыркүйек


Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

237 933,26

▼ -2,8%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

399 318,17

▼ -5,4%

Мұнай жол битумы

FCA

196 718,88

—