ҚРҰБ ставкасы 01.09.2026
USD: 462.31 RUB: 5.34
Сайт мәзірі

2026 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

01.09.2026

2026 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2026 жылдың тамыз айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдері – бензин, дизель отыны және авиациялық отын бойынша бес негізгі сауда сессиясын ұйымдастырды. Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықта жалпы көлемі 28 535 тонна болатын 161 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштер келесідей қалыптасты:

  1. АИ-92 маркалы бензин – 585 тонна көлемінде 9 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы және 11 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 244 871,56 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6 138 тонна көлемінде бекітілген);
  2. АИ-95 маркалы бензин – 5 850 тонна көлемінде 39 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы және 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 331 418,75 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7 726 тонна көлемінде бекітілген);
  3. авиациялық отын – 4 355 тонна көлемінде 32 мәміле жасалды, орташа өлшенген бағасы тоннасына 422 256,62 теңге деңгейінде қалыптасты. ТС-1 реактивті отыны бойынша сауда-саттыққа 3 сатушы және 6 сатып алушы, РТ реактивті отыны бойынша 1 сатушы және 5 сатып алушы қатысты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5 689 тонна көлемінде бекітілген);
  4. дизель отыны – 17 745 тонна көлемінде 81 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы және 43 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 344 518,40 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 30 605 тонна көлемінде бекітілген).

ЕСЖ Биржасындағы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, 2026 жылғы тамыз


Тауардың атауы Жеткізу шарты Орташа өлшенген бағасы, теңге Өзгеріс
Бензин АИ-92 FCA 244 871,56
Бензин АИ-95 FCA 331 418,75
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын FCA 422 256,62 ▲ +0,9%
Дизель отыны FCA 344 518,40