ҚРҰБ ставкасы 04.05.2026
USD: 462.91 RUB: 6.16
Сайт мәзірі

2026 ЖЫЛҒЫ СӘУІРДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

04.05.2026

2026 жылдың сәуір айында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдері – бензин, дизель отыны, авиациялық отын және битум бойынша бес негізгі сауда сессиясын және бір қосымша сауда сессиясын ұйымдастырды. Мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттықта жалпы көлемі 28 600 тонна болатын 159 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштер келесідей қалыптасты:

1) АИ-92 маркалы бензин – 12 545 тонна көлемінде 67 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 33 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 236 690,39 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 12 304 тонна көлемінде бекітілген);

2) АИ-95 маркалы бензин – 3 510 тонна көлемінде 25 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 14 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 295 038,08 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5 205 тонна көлемінде бекітілген);

3) авиациялық отын – 2 080 тонна көлемінде 19 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 18 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 403 090,32 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 2 611 тонна көлемінде бекітілген);

4) дизель отыны – 8 385 тонна көлемінде 35 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 34 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 327 359,12 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 18 886 тонна көлемінде бекітілген);

5) битум – 2 080 тонна көлемінде 13 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 158 443,75 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 10 700 тонна көлемінде бекітілген);

 

ЕСЖ Биржасындағы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, сәуір 2026 жыл

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

236 690,39

▼ -2,5%

Бензин АИ-95

FCA

295 038,08

▼ -5,1%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

403 090,32

▼ -2,4%

Дизель отыны

FCA

327 359,12

▲+0,3%

Мұнай жол битумы

FCA

158 443,75