ҚРҰБ ставкасы 27.04.2024
USD: 443.35 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

2023 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

02.10.2023

2023 жылдың қыркүйегінде ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің екі сауда сессиясын – бензин және авиациялық отынын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 325 тонна мөлшерінде 4 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы қыркүйекте елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 0,03 % - дан астамын құрады.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 260 тонна көлемінде 3 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 3 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 205 432,17 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      авиациялық отын – 65 тонна көлемінде 1 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 7 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 324 883,67 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 3,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қыркүйекте 2023

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

205432,17

▲+10,2%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

324 883,67

▲ +5,9%