ҚРҰБ ставкасы 20.04.2024
USD: 446.49 RUB: 4.79
Сайт мәзірі

2023 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

31.03.2023

2023 жылдың наурызында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясын ұйымдастырды, сондай-ақ көрсетілген тауар түрлері бойынша бір қосымша сауда сессиясы өтті. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 34 725 тонна мөлшерінде 220 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы наурызында елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 3,98 % - дан астамын құрады.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 26 780 тонна көлемінде 148 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 8 сатушы мен 63 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 188 643,47 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 31,9 мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      АИ-95 маркалы бензині – 3 120 тонна көлемінде 24 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 9 сатушы мен 11 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 237 731,90 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      дизель отыны - 2 665 тонна көлемінде 19 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 84 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 238 994,58 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9,2 мың тонна деңгейінде бекітілген); 

4)      авиациялық отын – 390 тонна көлемінде 6 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 351 881,05 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 1 мың тонна деңгейінде бекітілген);

5)      жол битумы – 1 770 тонна көлемінде 23 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 3 сатушы мен 19 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 106 863,05 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6 мың тонна деңгейінде бекітілген).

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, наурыз 2023

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

188 643,47

▼ - 2,2 %

Бензин АИ-95

FCA

237 731,90

▼ - 1,4 %

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

351 881,05

▲ + 0,4 %

Дизель отыны

FCA

238 994,58

▼- 12,0 %

Мұнай жол битумы

EXW/FCA

106 863,05

-