2023 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2023 жылдың маусымында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясын – бензин, дизель отыны, авиациялық отын және мұнай жол битумын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 10 790 тонна мөлшерінде 56 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы маусымда елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 0,98 % - дан астамын құрады.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 1 105 тонна көлемінде 9 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 23 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 183 989,41 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 32,2 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині – 195 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 9 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 216 666,71 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 6,2 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) дизель отыны - 2 795 тонна көлемінде 19 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 41 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 264 614,43 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 10,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) авиациялық отын – 1 690 тонна көлемінде 10 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 5 сатушы мен 7 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 337 267,52 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
5) жол битумы – 5 005 тонна көлемінде 26 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 27 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 106 235,02 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5 мың тонна деңгейінде бекітілген).
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, маусымда 2023
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Бензин АИ-92 |
FCA |
183 989,41 |
▼ -1,0% |
Бензин АИ-95 |
FCA |
216 666,71 |
▲ +3,4% |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
337 267,52 |
▼ -2,3% |
Дизель отыны |
FCA |
264 614,43 |
▲ +6,0% |
Мұнай жол битумы |
EXW/FCA |
106 235,02 |
▼ -0,2% |