ҚРҰБ ставкасы 23.07.2024
USD: 473.15 RUB: 5.4
Сайт мәзірі

2023 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

01.06.2023

2023 жылдың мамырында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясын ұйымдастырды, сондай-ақ көрсетілген тауар түрлері бойынша бір қосымша сауда сессиясы өтті. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 7 280 тонна мөлшерінде 40 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы наурызында елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 0,99 % - дан астамын құрады.


Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:


1) АИ-92 маркалы бензині - 1 235 тонна көлемінде 5 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 48 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 182 061,43 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 38,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);

2) АИ-95 маркалы бензині – 260 тонна көлемінде 4 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 28 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 224 082,32 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3) дизель отыны - 2 665 тонна көлемінде 19 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 84 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 280 616,27 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 39,9 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4) авиациялық отын – 1 040 тонна көлемінде 5 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 89 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 329 528,21 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);

5) жол битумы – 4 485 тонна көлемінде 23 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 26 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 105 986,12 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 9,5 мың тонна деңгейінде бекітілген).
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, мамыр 2023

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

182 061,43

▲  +5,4%

Бензин АИ-95

FCA

224 082,32

▲  +3,3%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

329 528,21

▲  +8,7%

Дизель отыны

FCA

280 616,27

-

Мұнай жол битумы 

EXW/FCA

105 986,12

▼   -1,9%