ҚРҰБ ставкасы 20.04.2024
USD: 447.4 RUB: 4.76
Сайт мәзірі

2023 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

01.03.2023

2023 жылдың ақпанда ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясын ұйымдастырды, сондай-ақ көрсетілген тауар түрлері бойынша бір қосымша сауда сессиясы өтті. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 40 755 тонна мөлшерінде 256 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы ақпанда елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 4,52 % - дан астамын құрады.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 27 105 тонна көлемінде 144 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 11 сатушы мен 37 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 192 283,33 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 38,2 мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      АИ-95 маркалы бензині – 6 435 тонна көлемінде 45 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 12 сатушы мен 15 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 241 162,44 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      дизель отыны - 3 120 тонна көлемінде 19 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 8 сатушы мен 57 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 271 592,46 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      авиациялық отын - 4 095 тонна көлемінде 48 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 9 сатушы мен 6 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 350 511,57 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, ақпан 2023

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

192 283,33

▲ +2,2 %

Бензин АИ-95

FCA

241 162,44

▼ -1,7 %

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

350 511,57

▲ +3,9 %

Дизель отыны

FCA

271 592,46

▼-10,5 %

Мұнай жол битумы

EXW/FCA

-

-