ҚРҰБ ставкасы 25.04.2024
USD: 444.32 RUB: 4.76
Сайт мәзірі

2022 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНДА ЕТЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.12.2022

2022 жылдың желтоқсанында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясы ұйымдастырылды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 68 185 тонна мөлшерінде 363 мәміле жасалды, бұл 2022 жылғы желтоқсанында елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 7,2 % - дан астамын құрады.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 32 240 тонна көлемінде 159 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 7 сатушы мен 32 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 188 441,36 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 40,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);

   2)      АИ-95 маркалы бензині – 6 110 тонна көлемінде 42 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 14 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 242 353,57 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);

   3)      дизель отыны - 26 195 тонна көлемінде 126 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 6 сатушы мен 27 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 280 829,19 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 39,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);

   4)      авиациялық отын - 3 640 тонна көлемінде 36 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 4 сатушы мен 5 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 325 523,57 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);

   ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, желтоқсан 2022 


Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

188 441,36

▼-1,8 %

Бензин АИ-95

FCA

242 353,57

▼-0,8 %

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

325 523,57

▲+2,6 %

Дизель отыны

FCA

280 829,19

▲+5,3 %