ҚРҰБ ставкасы 26.04.2026
USD: 464.86 RUB: 6.14
Сайт мәзірі
Бақ биржа туралы

Қазақстанда мұнай өнімдерінің сауда-саттығы қайта басталды

13.05.2022

ЕТС тауар биржасында жарық мұнай өнімдері – бензин, дизель және авиа отыны бойынша биржалық сауда қайта басталды. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісіне ETS баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 13 мамырдағы сауда нәтижелері бойынша дизель отыны бойынша 12 мәміле жасалып, көлемі 5005 тоннаны құрады. Орташа салмақталған сату бағасы тоннасына 225 662,85 теңге деңгейінде қалыптасты.

«Авиа отыны бойынша сауда нәтижесінде 9 мәміле жасалып, көлемі 845 тоннаны құрады, орташа салмақталған баға тоннасына 260 580 теңге болды. Бензин бойынша биржалық сауда өтпеді», – деп хабарлады тауар биржасы.

Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтарда авиа отыны, дизель отыны және бензин бойынша сауда тоқтатылған болатын. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлағандай, бұл елде төтенше жағдай режимін енгізу және кейбір биржалық тауарларға уақытша баға реттеуіне байланысты болған.

Толығырақ kapital.kz порталында