ЕТС өкілдері Түркияның ең ірі Конья тауар биржасының тәжірибесін зерттеді
17.06.2022

7-9 маусымда Қазақстан делегациясы үкіметаралық келісімдер аясында Түркиядағы ең ірі тауар биржаларының бірі – Конья биржасына іссапармен барып қайтты. Жұмыс сапарына Сауда және интеграция министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ЕТС» Тауар Биржасының және АО «ҰК «Продкорпорация» өкілдері қатысты.
Түрік тарап биржалық саудадағы ауыл шаруашылық өнімдерінің технологиялық процесін таныстырды. Биржа 1907 жылы құрылып, қазіргі уақытта мәмілелер көлемі 3 млрд доллардан асып, 1,1 млн тоннаға жетті. Конья тұқымдарды тіркеу және сертификаттау орталығы болып табылады, компанияның зертханалары бидай мен ұн сапасын анықтайды. Биржа 60 лицензиялық қойманы қызмет көрсетеді.