ҚРҰБ ставкасы 03.10.2026
USD: 441.91 RUB: 5.3
Сайт мәзірі

ЦЕМЕНТ САУДА САТТЫҒЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

02.10.2026
"FB Capital" ЖШС биржалық брокері өз клиентінің мүддесі үшін биржалық тауар – цемент ЦЕМ II/ А-Ш 42,5 Н навал ГОСТ 31108-2020 сауда-саттығын өткізеді. Сауда құралдары: EUDD16R, EUDD16D, EUDD16M. Жалпы көлемі (жоспарланған): 19 400 тонна. Сауда-саттықты өткізу күні: 2026 жылғы 16 қазаннан бастап Сауда-саттықты өткізу уақыты Астана қаласы бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық Тапсырыс беруші тарапынан күшін жойғанға дейін немесе өнім беруші тарапынан мәміле жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді. Сауда құралының сипаттамалары БНАЖ биржасының сайтында сілтеме бойынша жарияланды: https://ets.kz/documents/supporting-documents/spetsifikatsii-s-dogovorami-postavki-v-rezhime-dvoynog... Цемент саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша берілген: https://ets.kz/markets/cement/members/ Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін: - цемент саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу; - биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін БНАЖ клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу; - оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу; - брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру.