КӨМІР САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«FB Capital» ЖШС биржалық брокері өз клиенттерінің мүддесі үшін биржалық тауар – көмір сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.
Тауардың коды және атауы:
ADDCPFN - «D» маркалы көмір, Қаражыра разрезі, жеткізу мерзімі ШҚО КПТ Неверовская, станция коды 711707;
ADDCPHA - «D» маркалы көмір, Қаражыра разрезі 0-250 мм, жеткізу шарты CPT Жамбыл облысы ст. Шолпан (станция коды 705104);;
ADDCPGA - «D» маркалы көмір, Қаражыра разрезі 0-250 мм, жеткізу шарты КПТ Қарағанды облысы ст. Балқаш-1 (станция коды 677506).
Тауар көлемі: 700 тонна.
Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2024 жылғы 19 желтоқсаннан бастап бастап Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе жеткізушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.
Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған:
https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-ugol/ugol/
Көмір саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/markets/coal/members/
Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:
- мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;
- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;
- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу.