ҚРҰБ ставкасы 27.04.2024
USD: 443.35 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

ТЕХНИКАЛЫҚ КҮКІРТ САУДА-САТТЫҒЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

28.08.2023
«Torino-06» ЖШС биржалық брокері өз клиенттерінің мүддесі үшін биржалық тауар – техникалық газ күкірті сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.

Тауардың коды және атауы:

3TDEXDG - Техникалық газ күкірті, жеткізу шарттары EXW, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы.

Тауар көлемі: 6000 тонна.

Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2023 жылғы 31 тамыздан бастап Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе жеткізушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған:

https://ets.kz/documents/supporting-documents/spetsifikatsii-s-dogovorami-postavki-v-rezhime-dvoynogo-vstrechnogo-auktsiona/sera/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу.