ҚРҰБ ставкасы 18.05.2024
USD: 443.44 RUB: 4.88
Сайт мәзірі

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

04.05.2024

«ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ анонимді сұранысы бойынша биржалық тауар – ауыл шаруашылығы өнімдерін сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.

Тауардың атауы::

- 3, 4, 5 сыныпты азық-түлік бидайы;

- сыныптан тыс бидай;

- арпа;

- сұлы;

- күнбағыс тұқымдары;

- ұн;

- қант.

Ауыл шаруашылығы өнімін жинау жылы: 2019-2023 ж. ж.

Жеткізу базисі: уәкілетті элеваторлардан EXW (франко-элеватор)

Азық-түлік корпорациялары, FCA, DAP, CPT (ИНКОТЕРМС 2020).

Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2024 жылғы 10 мамырдан бастап Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе жеткізушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған:

https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-selkhozproduktsiya/selkhozproduktsiya-spetsifikatsii-v-rezhime-dvaa/

Ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады: 

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін: https://ets.kz/kz/markets/agricultural_products/members/

- ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу.