МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА САТТЫҚТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Биржалық дилер өз мүддесінде биржалық тауар – қысқы дизель отынын сату бойынша сауда-саттық өткізеді.
Сауда құралы:
DRDDD09
Жалпы көлемі (жоспарланған): 1 040 тонна.
Жөнелту шарттары: FCA – мұнай базасы, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Есептік орам көш., 018 үй, 176 учаске (Incoterms 2020).
Бір тоннасының бағасы – 1 250 000 (бір миллион екі жүз елу мың) теңге.
Сауда-саттықтың басталу күні: 2026 жылғы 25 қарашадан бастап.
Сауда-саттық өткізу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.
Егер сауда-саттық бірінші күні өтпесе, сауда-саттық тапсырыс беруші тарапынан тоқтатылғанға немесе мәміле жасалғанға дейін келесі жұмыс күндері өткізіледі.
Сауда құралының спецификациясы ЕТС Биржасының сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-nefteprodukty/4-torgovye-instrumenty-zakupki-nedropolzovateley-v-rezhime-dva/dizelnoe-toplivo-zimnee/
Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша орналастырылған:
https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/
Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:
- Мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу;
- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;
- биржалық сауда-саттық өтетін күннің алдындағы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін оған биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.
Мұнай өнімдерін тауар биржасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының және Биржалық сауда қағидаларының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.