ҚРҰБ ставкасы 20.11.2026
USD: 444.16 RUB: 5.4
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА САТТЫҚТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

17.11.2026

Биржалық брокер «FB Capital» ЖШС өз клиентінің мүддесінде биржалық тауар – мұнай өнімдерін өткізу бойынша сауда-саттық өткізеді.
Сауда құралдары:
D3DDDNB, DRDDDNH
Жалпы көлемі (жоспарланған): 330 000 литр.

Сауда-саттықтың басталу күні: 2026 жылғы 2 желтоқсаннан бастап.
Сауда-саттық өткізу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Егер сауда-саттық бірінші күні өтпесе, сауда-саттық тапсырыс беруші тарапынан тоқтатылғанға немесе мәміле жасалғанға дейін келесі жұмыс күндері өткізіледі.

Сауда құралдарының спецификациялары ЕТС Биржасының сайтында жарияланған.

Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша орналастырылған:
https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

  • Мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу;
  • биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;
  • биржалық сауда-саттық өтетін күннің алдындағы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін оған биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
  • брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.

Мұнай өнімдерін тауар биржасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының және Биржалық сауда қағидаларының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.