ҚРҰБ ставкасы 04.11.2026
USD: 453.26 RUB: 5.58
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА САТТЫҚТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

03.11.2026

Биржалық брокер «FB Capital» ЖШС өз клиентінің мүддесінде биржалық тауар – АИ-92 бензинін өткізу бойынша сауда-саттық өткізеді.
Сауда құралы:
D3DDDNB
Жалпы көлемі (жоспарланған): 20 000 литр.

Сауда-саттықтың басталу күні: 2026 жылғы 18 қарашадан бастап.
Сауда-саттық өткізу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Егер сауда-саттық бірінші күні өтпесе, сауда-саттық тапсырыс беруші тарапынан тоқтатылғанға немесе мәміле жасалғанға дейін келесі жұмыс күндері өткізіледі.

Сауда құралының спецификациясы ЕТС Биржасының сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-nefteprodukty/4-torgovye-instrumenty-zakupki-nedropolzovateley-v-rezhime-dva/benzin-ai-92/

Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша орналастырылған:
https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- Мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;

- биржалық сауда-саттық өтетін күннің алдындағы күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін оған биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;

- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру қажет.

Мұнай өнімдерін тауар биржасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының және Биржалық сауда қағидаларының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.