2025 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНА АРНАЛҒАН КАРТОП САУДА КЕСТЕСІ
"Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасы " АҚ картопты сату бойынша сауда сессияларын 2025 жылдың желтоқсан айына арналған сауда сессияларын өткізу туралы хабарлайды:
- 22, 23, 24, 25, 26 2025 жылғы желтоқсан Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін;
Биржалық қамтамасыз ету мөлшері мәміленің болжамды сомасының 1% деңгейінде бекітілген.
Картоптың жеткізілім партиясының ең аз мөлшері, оның теңдігі немесе асып кетуі кезінде оны өткізу тек тауар биржасы арқылы жүзеге асырылады – 60 тонна (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығымен бекітілген).
Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:
- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕТС клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;
- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру.
Картоп саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады: https://ets.kz/markets/agricultural_products/members/
Сауда құралдарының бекітілген ерекшеліктерімен БНАЖ биржасының сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://ets.kz/markets/agricultural_products/documents/