ҚРҰБ ставкасы 27.04.2024
USD: 444.22 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

2023 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДА КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КӨМІРМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ

06.01.2023

"ЕСЖ" тауар биржасы " АҚ 2023 жылдың қаңтар айына беру жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату бойынша сауда сессияларының ашылғаны туралы хабарлайды.

"Майкубен-Вест" АҚ:

– 2023 жылғы 16, 17, 18, 19, 20 қаңтары сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін Астана қ. уақыты бойынша;

- қантар айына коммуналдық-тұрмыстық көмірді беру жоспары бойынша  көлемі - 1 890 тонна, сауда сессиясының жоспары - 378 тонна көлемінде;

- сауда құралы: ATDFCSM -Б3 0-300 мм маркалы көмір, "Майкубен" бөлімі, жеткізу шарттары - FCA теміржол көлігімен Павлодар облысы Үшқұлын ст. (695203);

- тауарды биржалық сату (өткізу) түрі - тауарды тиеп-жөнелту сауда-саттық өткізілген айдан кейінгі үшінші айда жүзеге асырылатын сауда-саттық споты.

Биржалық қамтамасыз ету - мәміленің болжамды сомасының бір пайызын (1%) құрайды.

 

Биржалық сауда-саттық барысында қойылған коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатуға және сатып алуға өтінімдердің ең жоғары мөлшері – 1 050 тонна.

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету шотқа сомасын енгізу;

- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру.

ЕСЖ Биржасының аккредиттелген брокерлерінің тізбесі келесі сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/markets/coal/members/

Сауда құралдарының бекітілген ерекшеліктерімен ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://ets.kz/kz/documents/dokumenty-razdela-ugol/torgovye-instrumenty-kommunalno-bytovoy-ugol-sektsionnye-pravila/

 

 

Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің базалық бағасымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://ets.kz/kz/markets/coal/chart/

 

Коммуналдық - тұрмыстық көмірмен биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294 - НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидаларының (көмір саудасы секциясы) 25-тарауының 233-256-тармақтарымен регламенттелген.

"ЕСЖ" тауар биржасы" АҚ Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294 - НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 25-тарауының 233-256-тармақтарының негізгі ережелері туралы хабарлайды:

1. Коммуналдық-тұрмыстық көмірмен биржалық сауда-саттыққа қатысушылар:

- Сатушы - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес көмір өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші (көмір бөлімі, көмір шахтасы).

 

- Сатып алушы - меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде темір жол тұйығы бар, техникалық жарақтандырылған (таразы техникасы, тиеу-түсіру көлігі) және көмірді сақтау мен тиеп-жөнелту және халыққа жеке пайдалану үшін өткізу мүмкіндігі бар, тауар биржасының аккредиттеуін алған нарық субъектісі (коммуналдық-тұрмыстық көмірді көтерме сауда беруші немесе бөлшек сауда арқылы өткізуші); жергілікті атқарушы органдардан берілген.  Коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алушылардың тізбесі көмір өнеркәсібі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

Өңірлік көмір операторларының тізбесімен 14.12.2022 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/387741?lang=ru, https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/387741?lang=kk

2. Тауарды биржалық өткізу мынадай түрде жүзеге асырылады:

      1) тауарды тиеп жөнелту маусымдық кезеңде (шілде – желтоқсан, қоса алғанда) жүзеге асырылатын сауда-саттықтың споты; ;

      2) тауарды тиеп-жөнелту сауда-саттық өткізілген айдан кейінгі үшінші айда жүзеге асырылатын сауда-саттық споты;

      3) биржалық тауарды тиеп-жөнелту сауда-саттық өткізілген айдан кейінгі үшінші айдан бастап тиеп-жөнелту басталған жылдың желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылатын кезде ай сайын ақы төлеу және күнтізбелік алты айдан он екі айға дейінгі кезеңге беру шартымен келісімшарттармен сауда-саттық жүргізуге тыйым салынады.

3. Сауда-саттық сессиясы барысында қалыптастырылатын биржалық тауар бағасының ең жоғары деңгейі базалық бағаның 101 пайызынан аспауы тиіс.

Сауда сессияларында тауардың базалық бағасы ретінде мынадай бағалар танылады:

      1) бірінші биржалық сауда-саттықта базалық баға тиісті ерекшеліктегі тауардың көтерме бағаларының ағымдағы жасалатын келісімшарттарының орташа өлшемді мәні деңгейінде белгіленеді.

      2) кейінгі негізгі және қосымша сауда сессияларында базалық баға биржалық мәмілелер жасалған тиісті сауда құралы бойынша алдыңғы сауда сессиясында қалыптасқан тауардың орташа алынған бағасы деңгейінде белгіленеді. Бұл ретте, сатушы сауда сессиялары үшін тауарға базалық бағаны өз қалауы бойынша да, көмір өнеркәсібі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ұсынымдары негізінде де төмендетеді.

4. Биржалық тауарды сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысулар сатып алушы тарапынан сатып алынған биржалық тауар көлемінен жүз пайыз алдын ала төлем шарттарымен жүргізіледі.

5. Өтінімдер бағасы Инкотермс 2020 (EXW, FCA) шарттарында көрсетіледі.