ҚРҰБ ставкасы 23.07.2024
USD: 473.15 RUB: 5.4
Сайт мәзірі

2024 ЖЫЛҒЫ МАМЫР АЙЫНА АРНАЛҒАН "ШҰБАРКӨЛ ПРЕМИУМ" АҚ КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КӨМІРМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚ КЕСТЕСІ

30.04.2024

"ЕТЖ" тауар биржасы" АҚ 2024 жылдың мамыр айына "Шұбаркөл Премиум" ақ коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату бойынша сауда сессияларын өткізетіні туралы хабарлайды.

Қосарланған қарсы аукцион режимінде биржалық сауда-саттық - 2024 жылдың мамырдың 13, 14, 15, 16, 17-де Астана қ. уақыты бойынша 14:00-ден 15:00-ге дейін өтеді. Биржалық сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізілетін болады:

1)      АD310H3 - Көмір Д 0-300 мм маркалы «Шұбаркөл Премиум» АҚ FCA жеткізу шарттары Шұбаркөл станциясы Қостанай облысына T + 3 ай;

2)   АD309H3 - Көмір Д 0-300 мм маркалы «Шұбаркөл Премиум» АҚ жеткізу шарттары FCA Шұбаркөл станциясы Қарағанды облысына T + 3 ай;

3)   АD303H3 - Көмір Д 0-300 мм маркалы «Шұбаркөл Премиум» АҚ жеткізу шарттары FCA Шұбаркөл станциясы Ақмола облысы Т + 3 ай;

4)   АD810H3 - Көмір Д 10-80 мм маркалы «Шұбаркөл Премиум» АҚ жеткізу шарттары FCA Шұбаркөл станциясы Қостанай облысына T + 3 ай;

5)   АD809H3 - Көмір Д 10-80 мм маркалы «Шұбаркөл Премиум» АҚ жеткізу шарттары FCA Шұбаркөл станциясы Қарағанды облысына T + 3 ай;

6)   АD803H3 - Көмір Д 10-80 мм маркалы «Шұбаркөл Премиум» АҚ жеткізу шарттары FCA Шұбаркөл станциясы Ақмола облысы Т + 3 ай.

2024 жылдың шілде айына жеткізу жоспары бойынша сату көлемі – 8 050 тоннаны құрайды, оның ішінде:

1)   Қарағанды облысына жеткізу жоспары – 3 850 тонна;

2)   Ақмола облысына жеткізу жоспары  – 2 100 тонна;

3)   Қостанай облысына жеткізу жоспары  – 2 100 тонна.

Биржалық сату түрі: тауарды тиеп-жөнелту сауда-саттық өткізілетін айдан кейінгі үшінші айда жүзеге асырылатын сауда-саттық споты.

Биржалық қамтамасыз ету мөлшері мәміленің болжамды сомасының 1% деңгейінде бекітілген.

Биржалық сауда-саттық барысында қойылған коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатуға және сатып алуға өтінімдердің ең жоғары мөлшері 1 050 тоннаны құрайды (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022.11.01. № 04-3-25/44033 және 22.11.2022 ж. № 04-3-25/8755 хаттарына сәйкес, сондай-ақ Биржалық сауда қағидалардың 247-тармағының 7) тармақшасы негізінде).

Көмір саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады: https://ets.kz/markets/coal/members/.

Сауда құралдарының бекітілген ерекшеліктерімен ЕСЖ биржасының сайтында сілтеме бойынша танысуға болады: https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-ugol/torgovye-instrumenty-kommunalno-bytovoy-ugol-sektsio...

Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің базалық бағасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://ets.kz/markets/coal/chart/.

Өңірлік көмір операторларының (ТЖ тұйықтары) тізбесімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/activities/directions?lang=kk (раздел «Көмір операторлары»).

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;

- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру.

Коммуналдық-тұрмыстық көмірмен биржалық сауда - саттықты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидаларының 25-тарауының 233-256-тармақтарында айқындалған.

"ЕСЖ" тауар биржасы" АҚ Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294 - НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауының 233-256-тармақтарымен негізгі ережелер туралы хабарлайды:

1. Коммуналдық-тұрмыстық көмірмен биржалық сауда-саттыққа қатысушылар:

- сатушы - жер қойнауын пайдалануға (көмір бөлінісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші;

 - сатып алушы-меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде темір жол тұйығы бар, техникалық жарақтандырылған (таразы техникасы, тиеу-түсіру көлігі) және көмірді сақтау мен тиеп-жөнелту және халыққа жеке пайдалану үшін өткізу мүмкіндігі бар, тауар биржасының аккредиттеуін алған нарық субъектісі (коммуналдық-тұрмыстық көмірді көтерме сауда беруші немесе бөлшек сауда арқылы өткізуші); жергілікті атқарушы органдардан берілген.

Коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алушылардың тізбесі көмір өнеркәсібі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның сайтында орналастырылады. Өңірлік көмір операторларының (ТЖ тұйықтары) тізбесімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/activities/directions?lang=kk (раздел «Көмір операторлары»).

 

2. Биржалық қамтамасыз ету мөлшері болжамды мәміленің үш пайызынан аспайды.

3. Көмір тауар биржасы арқылы осы әкімшілік аумақ шегінде тіркелген және жеке пайдалану үшін халыққа көмір сататын көмір сатып алушылар қатысатын тиісті өңірдің тиісті ерекшеліктеріне сәйкес өткізіледі.

4. Тауарды биржалық сату мынадай түрде жүзеге асырылады:

1) тауарды тиеп-жөнелту маусымдық кезеңде (шілде-желтоқсанды қоса алғанда) тиеп-жөнелтумен жүзеге асырылатын сауда-саттық споты;

2) тауарды тиеп-жөнелту сауда-саттық өткізілетін айдан кейінгі үшінші айда жүзеге асырылатын сауда-саттық споты;

3) биржалық тауарды тиеп-жөнелту сауда-саттық өткізілген айдан кейінгі үшінші айдан бастап тиеп-жөнелту басталған жылдың желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылатын күнтізбелік алты айдан он екі айға дейінгі кезеңге ай сайынғы ақы төлеу және жеткізу шартымен биржалық мәміле.

5.Сатушылар келесі тәртіппен қалыптастырылған ақпарат негізінде тауар биржасы арқылы коммуналдық-тұрмыстық көмірді өткізуді қамтамасыз етеді:

Көлемнің 50% Биржалық сауда қағидаларының 244-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іске асырылады;

Көлемнің 50% осы Биржалық сауда қағидаларының 244-тармағының 3) тармақшасына сәйкес іске асырылады

6. Егер Биржалық сауда қағидаларының 241-тармағында көзделген кезеңнің соңында көмір тиісті өңірге өткізуге қойылса, бірақ өткізілмеген жағдайда, мұндай көлем қосымша сауда сессиясында қойылады. Бұл ретте, жеткізу өңірі ретінде Қазақстан Республикасының аумағы айқындалады.

7. Сауда сессиясы ішінде қалыптастырылатын биржалық тауар бағасының ең жоғары деңгейі базалық бағаның жүз бір пайызынан аспайды.

Сауда сессияларында тауардың базалық бағасы ретінде мынадай бағалар танылады:

1) бірінші биржалық сауда-саттықта базалық баға тиісті ерекшеліктегі тауардың көтерме бағаларының ағымдағы жасалатын келісімшарттарының орташа өлшемді мәні деңгейінде белгіленеді.

2) кейінгі негізгі және қосымша сауда сессияларында базалық баға биржалық мәмілелер жасалған тиісті сауда құралы бойынша алдыңғы сауда сессиясында қалыптасқан тауардың орташа алынған бағасы деңгейінде белгіленеді. Бұл ретте, сатушы сауда сессиялары үшін тауарға базалық бағаны өз қалауы бойынша да, көмір өнеркәсібі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ұсынымдары негізінде де төмендетеді.

8. Биржалық тауарды сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысулар сатып алушы тарапынан сатып алынған биржалық тауардың көлемінен жүз пайыз алдын ала төлем шартымен жүргізіледі.

9. Өтінімдер бағасы Инкотермс 2020 (EXW, FCA) шарттарында көрсетіледі.