ҚРҰБ ставкасы 26.04.2024
USD: 444.22 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ КЕСТЕСІН ӨЗГЕРУІ ТУРАЛЫ

09.03.2023

"ЕСЖ "тауар биржасы" АҚ 2023 жылғы 10, 14, 17, 24, 31 наурызға Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін белгіленген дизель отынын өткізу жөніндегі бұрын жарияланған сауда сессияларын ауыстыру туралы хабарлайды.

Сауда-саттық күнін кейінге ауыстыру себебі: бекітілген сауда құралдары бойынша екі аптадан астам биржалық сауда-саттық өткізілмеген мұнай өнімдерінің базалық бағалар деңгейін уәкілетті органмен келісу қажеттілігіне байланысты (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 204-тармағының негізінде).

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына 2023 жылғы наурызға жеткізу жоспары бойынша дизель отынын өткізу жөніндегі сауда сессиялары 2023 жылғы 14, 17, 24, 30,31 наурызда Астана қ. уақыты бойынша 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.