ҚРҰБ ставкасы 27.04.2024
USD: 443.35 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

КӨМІР САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

21.09.2023

«FB Capital» ЖШС биржалық брокері өз клиенттерінің мүддесі үшін биржалық тауар – көмір сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.

Тауардың коды және атауы:

ADDCPFB - "Д" маркалы көмір, "Қаражыра" разрезі, жеткізу шарттары - CPT Шығыс Қазақстан облысы Глубочанка станциясы, станция коды 712803;

ADDCPFN - "Д" маркалы көмір, "Қаражыра" разрезі, жеткізу шарттары - CPT Шығыс Қазақстан облысы Неверовская, станция коды 711707.

Тауар көлемі: 1 750 тонна.

Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе жеткізушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған:

https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-ugol/ugol/

Көмір саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/markets/coal/members/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- көмір саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу.