ҚРҰБ ставкасы 22.06.2024
USD: 464.72 RUB: 5.4
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

01.07.2023

«FB Capital» ЖШС биржалық брокері өз клиенттерінің мүддесі үшін биржалық тауар – жазғы дизель отыны сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.

Тауардың коды және атауы:

DSDDDTA – Жазғы дизель отыны, жеткізу шарттары – DDP, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылы, "Батыс Мыңқұдық" кеніші.

Тауар көлемі: 400 тонна.

Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2023 жылғы 05 шілдеден бастап Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе жеткізушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған: https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-nefteprodukty/4-torgovye-instrumenty-zakupki-nedropolzovateley-v-rezhime-dva/dizelnoe-toplivo-letnee/

Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;

«Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2022 жылғы 21 тамыздағы № 278 бұйрығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://zan.gov.kz/client/#! / doc / 170780 / rus.