ҚРҰБ ставкасы 27.04.2024
USD: 443.35 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

19.07.2023

«ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ анонимді сұранысы бойынша биржалық тауар – бидай сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.

Тауардың коды және атауы:

WDDEXW - бидай Triticum durum Desf. 3 сынып, жеткізу шарты EXW - 7 981,929 тонна.

Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2023 жылғы 20 шілдеден 15 тамызға дейін Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе жеткізушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған:

https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-selkhozproduktsiya/selkhozproduktsiya-spetsifikatsii-v-rezhime-dvaa/pshenitsa/

Ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады: 

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін: https://ets.kz/kz/markets/agricultural_products/members/

- ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу.