ҚРҰБ ставкасы 06.10.2026
USD: 454.98 RUB: 5.37
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА САТТЫҚТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

06.10.2026
"Industrial Market Resource" ЖШС биржалық дилері өз мүддесі үшін биржалық тауар – қысқы дизель отынымен сауда-саттық өткізеді. Сауда құралдары: DRDDD01 Жалпы көлемі (жоспарланған): 1 040 тонна. Тоннасының бағасы - 1 250 000 (бір миллион екі жүз елу мың) теңге. Сауда-саттықты өткізу күні: 2026 жылғы 20 қазаннан бастап Сауда-саттықты өткізу уақыты Астана қаласы бойынша сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық Тапсырыс беруші тарапынан күшін жойғанға дейін немесе өнім беруші тарапынан мәміле жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді. Сауда құралының сипаттамалары БНАЖ биржасының сайтында сілтеме бойынша жарияланды: https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-nefteprodukty/4-torgovye-instrumenty-zakupki-nedropolzova... Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша берілген: https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/ Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін: - мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу; - биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін БНАЖ клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу; - оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу; - брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру. "Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2022 жылғы 21 тамыздағы № 278 бұйрығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://zan.gov.kz/client/#! / doc/170780 / rus. Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес (25.08.2026 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен): мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай жеткізушілерден, импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілер (мұнай өнімдерін Мемлекеттік материалдық резервтің), мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуді тек мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушыларға немесе түпкі тұтынушыларға ғана жүзеге асыруға құқылы.