ҚРҰБ ставкасы 27.10.2024
USD: 485.11 RUB: 5.02
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТУҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША САУДА СЕССИЯСЫ

06.06.2024

«ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ мұнай өнімдерін сатушылардың сұранысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция Министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес 2023 жылғы 13 маусымда Астана қ. уақыты бойынша 14:00-ден 15-00-ге дейін қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды (2024 жылғы мамырға арналған мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша). Сауда-саттық келесі сауда құралы бойынша өткізіледі:

D3DE1EA (АИ-92 бензині «АМӨЗ» ЖШС, FCA жеткізу шарттары Тендык ст.) – 2470 тонна;

D3DE1SP (АИ-92 бензині «ПМХЗ» ЖШС, FCA жеткізу шарттары Павлодар-порт ст.) – 1690 тонна;

D3DE1TO (АИ-92 бензині «ПҚОП» ЖШС, FCA жеткізу шарттары Текесу ст.) – 780 тонна;

DSDF4SP (Жазғы дизель отыны ДТ-Л-K4  «ПМХЗ» ЖШС, FCA жеткізу шарттары Павлодар-порт ст.) – 455 тонна;

DSDF4TO - Жазғы дизель отыны ДТ-Л-K4 «ПҚОП» ЖШС, FCA  жеткізу шарттары Текесу ст. - 130 тонна.

Мәлімет үшін:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес – «қосымша сауда сессиясының қорытындылары бойынша мұнай өнімі бағасының қалыптасқан деңгейі негізгі сессиялар үшін базалық бағаны айқындау үшін негізгі болып табылмайды».