ҚРҰБ ставкасы 28.04.2024
USD: 443.35 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТУҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША САУДА СЕССИЯСЫ

30.06.2023

«ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ мұнай өнімдерін сатушылардың сұранысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция Министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес 2023 жылғы 05 шілдеде Астана қ. уақыты бойынша 14:00-ден 15-00-ге дейін қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды (2023 жылғы маусымға арналған мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша - АИ-92 маркалы бензині, ТС-1 реактивті қозғалтқыштарына арналған отыны). Сауда-саттық келесі сауда құралы бойынша өткізіледі:

D3DE1TO - АИ-92 бензині «ПҚОП» ЖШС, FCA жеткізу шарттары Текесу ст. – 390 тонна;

DADFCTO - ТС-1 реактивті қозғалтқыштарына арналған отын,«ПҚОП» ЖШС, FCA жеткізу шарттары, Текесу ст. - 325 тонна;

DADFCSP - РТ реактивті қозғалтқыштарына арналған отын,  «ПМХЗ» ЖШС, FCA жеткізу шарттары, Павлодар-порт ст. - 195 тонна;

DSDF4TO - Жазғы дизель отыны ДТ-Л-K4 «ПҚОП» ЖШС, FCA  жеткізу шарттары Текесу ст. - 390 тонна.

Мәлімет үшін:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес – «қосымша сауда сессиясының қорытындылары бойынша мұнай өнімі бағасының қалыптасқан деңгейі негізгі сессиялар үшін базалық бағаны айқындау үшін негізгі болып табылмайды».