ҚРҰБ ставкасы 22.12.2024
USD: 523.86 RUB: 5.11
Сайт мәзірі

Клиринг орталығы туралы

00 торг бирж_cr.jpg

«ЕСЖ клиринг орталығы» ЖШС (БСН: 090840000906) (ЕСЖ КО) 2009 жылғы 03 тамызда құрылды, "Еуразиялық Сауда Жүйесі" Тауар биржасы" АҚ (ЕСЖ биржасы) еншілес ұйымы болып табылады.

ЕСЖ КО Қазақстан Республикасының заңнамасына, ЕСЖ биржасының және ЕСЖ КО ішкі нормативтік құжаттарына, 2012 жылғы 31 қазандағы клирингтік қызмет көрсету туралы Шартқа сәйкес, ЕСЖ биржасының сауда секцияларында жасалатын биржалық мәмілелерге, есептік-клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

ЕСЖ КО қызметтерін пайдалана отырып, саудаға/клирингке қатысушылар ЕСЖ биржасында өткізілетін сауда-саттықты қамтамасыз ету және мәмілелерді орындау үшін бірқатар қосымша жеңілдіктер алады.

Клирингтік орталықтың есеп айырысу ұйымы – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.


«ЕСЖ клиринг орталығы» ЖШС (ЕСЖ КО) басқару органдары:

1.     EСЖ КО жалғыз қатысушы:

QazX Ltd. жеке компаниясы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (2022 жылғы 24 қарашада Астана халықаралық қаржы орталығымен тіркелген, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 2023 жылы 04 сәуірде, БСН 221140900414) құрылған және тіркелген, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/22, 233 ғимарат.

 

2. ЕСЖ КО Бас директоры Жуматова Жазира Даутбековна 01.04.2023 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін.

Жуматова Жазира Даутбековна, 1976 жылы 5 қарашада Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, 2004 жылы Алматы қаласында Халықаралық бизнес академиясында корпоративтік басқару бағдарламасы бойынша MBA дәрежесін алған.

«Қазагропромбанк» ААҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ, «ТұранӘлем Банкі» ААҚ, «ТұранӘлемСекьюритис» ЖШС банк құрылымдарында 7 жылдан астам жұмыс істеді. 2004-2011 жылдар аралығында «KDI» ЖШС, «ҚМГ-Транскаспий» ЖШС және «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервис Инк.» компанияларында қаржыландыруды ұйымдастыру және бюджеттеу саласында жұмыс істеді.

2011 жылдың маусым айынан бастап «Қазпочта» АҚ Бюджет департаментінің директоры, 2013 жылдың тамызынан 2021 жылдың қарашасына дейін «Қазпочта» АҚ «EMS-Kazpost» филиалы директорының орынбасары болып жұмыс атқарды. 2022 жылдың шілдесінен бастап ЕСЖ КО Клиринг департаментінің директоры болып жұмыс істеді, ал 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап ЕСЖ КО бас директоры болып табылады.