ҚРҰБ ставкасы 27.04.2024
USD: 443.35 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

30.01.2024

2024 жылдың қаңтарында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің – бензин, дизель отыны және авиациялық отынын сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 2 795 тонна мөлшерінде 21 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 1 235 тонна көлемінде 9 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 12 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 183 907,08 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 37,4  мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      АИ-95 маркалы бензині - 195 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 7 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 235 736,98 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      авиациялық отын – 130 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 406 907,07 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      дизель отыны – 1 235 тонна көлемінде 8 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 19 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 262 757,98 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 33,1  мың тонна деңгейінде бекітілген);

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қаңтарда 2024

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

183 907,08

▼ - 2,5%

Бензин АИ-95

FCA

235 736,98

▼ - 2,1%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

406 907,07

▼ - 1,5%

Дизель отыны

FCA

262 757,96

▼ - 0,7%