ҚРҰБ ставкасы 27.04.2024
USD: 443.35 RUB: 4.82
Сайт мәзірі

2024 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.02.2024

2024 жылдың ақпанында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отын бойынша сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 1 690 тонна мөлшерінде 17 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 650 тонна көлемінде 6 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 21 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 187 015,78 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 46,9  мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      АИ-95 маркалы бензині - 195 тонна көлемінде 3 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 4 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 246 562,30 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      авиациялық отын – 130 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 398 768,93 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4.97 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      дизель отыны – 715 тонна көлемінде 6 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 17 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 285 028,52 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 34,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, ақпанда 2024

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

187 015,78

▲+ 1,7%

Бензин АИ-95

FCA

246 562,30

▲+ 4,6%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

398 768,93

▼ - 2,0%

Дизель отыны

FCA

285 028,52

▲+ 8,5%