, 20.09.2020 19:20

8 800 080 05 05
+7(727)244 57 80
ets@ets.kz

 Баспа үшін нұсқа

27 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газының ұйымдастырылған нарығындағы сауда-саттықтың жаңа ережелері күшіне енеді

 Алматы, 24 қаңтар.

         Өзгерістер базалық бағаларды, сауда-саттықтарды, қосымша сессияларды, өткізу мерзімдерін және электрондық сауда алаңында жұмыстың басқа да аспектілерін орнатуға қатысты болды.

Мысалы, сауда сессиясы ішінде қалыптастырылатын СМГ бағасының ең төменгі деңгейі "базалық бағадан 90 пайыздан кем болмауы тиіс, ал ең максималды деңгейі - базалық бағадан 110 пайыздан артық болмауы тиіс". Бұрын, бұл сандар тиісінше 80% және 120%-ға тең болған.

Бұрынғы ережелерде, егер сауда құралы бойынша қатарынан үш сессия ішінде сауда-саттық өткізілмеген болса, СМГ-ның ағымдағы шекті бағасының негізінде қайтадан белгіленді. Енді, егер "бір сауда сессиясы барысында тиісті сауда құралы бойынша мәмілелер жасалмаса, келесі сауда сессиясының әрқайсысында базалық баға әрбір сессияда он пайызға азаяды", мәміле жасалғанға дейін немесе СМГ-ның ағымдағы шекті бағасының деңгейіне жетпейінше.

Бастапқыда "базалық баға СМГ- ның өткен сауда сессиясы жабылған кездегі құралған орташа бағасына қарап анықталады.

"СМГ-ның базалық бағасы СМГ-ның теміржол цистерналарына және (немесе) автогазтасығыштарға құю объектілерінде белгіленеді" деген нақтылау пайда болды.

Қосымша сессияларды өткізу ережелері нақтыланады. "Алғашқы екі қосымша сауда сессиясында жеткізу өңірі (өңірлер тобы) сақталады, ал әрбір қосымша сауда сессиясы үшін базалық баға осы өңірге (өңірлер тобына) жеткізумен мәміле жасалған тиісті сауда құралы бойынша өткен сауда сессиясында құралған СМГ-ның орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді".Егер тиісті сауда құралы бойынша алғашқы екі қосымша сессияда мәмілелер жасалмаған болса, онда "сауда-саттықты ұйымдастырушы тағы да үш қосымша сауда сессиясын өткізеді, онда жеткізу өңірі ретінде Қазақстан Республикасының аумағы анықталады, ал әрбір қосымша сауда сессиясына базалық баға сауда-саттықты ұйымдастырушының барлық сауда құралдары бойынша өткен сауда сессиясында құралған СМГ-ның орташа өлшемді бағасы деңгейінде белгіленеді".

Ережеде сондай-ақ қосымша сессияларда жеткізу жоспарын орындау үшін қажетті газдың барлық көлемі қойылатыны көрсетіледі. Егер "сатушы толығымен ережеге сәйкес СМГ-ның көлемін сауда сессияларында және қосымша сауда сессияларында сату үшін қойса, бірақ ол сатылмаған жағдайда, сатушы бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды және мұндай көлемді өнім беру жоспарынан тыс өзге тұлғаларға өткізеді". Бұл ретте СМГ-ның осы көлемі "сатушының өнім беру жоспарын орындауы ретінде есепке алынады".

Сондай-ақ, сауда-саттық өткізу мерзімдері де өзгерді. Енді олар "жоспарланған айдың ішінде СМГ-ын нақты тиеп-жөнелте отырып, жоспарланған айдың алдындағы айдың он бесінен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.Бұл ретте өндіруші оларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газы меншік иелерінің арасында беруге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін уақтылы бөлмеген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электрондық сауда-саттықты бастау күні кейінге, бірақ бес жұмыс күнінен артық емес мерзімге ауыстырылады".

Өнеркәсіптік тұтынушылар, газ толтыру пункттері немесе автогаз құю станцияларының иелері үшін егер олар автокөлікпен сұйытылған мұнай газын жеткізуді көздейтін сауда құралдарына арналған электрондық сауда-саттыққа қатысса СМГ-ын сақтау сыйымдылықтарының болуы бойынша талаптар қойылмайды.

Басқарушы комитеттің құрамы бойынша өзгерістер енгізілді - сауда-саттықты ұйымдастырушының Басқарушы комитетінің құрамына бейінді қауымдастықтардың өкілдерінің енгізілуі қажет.

 Естеріңізге сала кетейік, Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газы нарығында баға белгілеуді ырықтандыру бойынша реформа жүргізуге бастамашылық жасады. Ол 2019 жылдың 5 ақпаннан басталды және оның мәні электрондық сауда алаңдарында сауда арқылы нарықтық бағаларды қалыптастыру болып табылады.

Реформаның бірінші кезеңінде электрондық сауда алаңдары арқылы ішкі нарыққа жеткізудің жалпы міндеттерінен сұйытылған газдың 5% мөлшеріндегі көлемдер қойылды. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл көрсеткіш 10%-ке дейін, ал 2019 жылдың 1 қазанынан 15%-ке дейін, 2020 жылдың 1 қаңтарынан 20%-ке дейін ұлғайды.

"ЕСЖ" тауар биржасының сауда жүйесі сұйытылған мұнай газымен сауда-саттықты қабылдаған алғашқы алаң болды.

 

Анықтама үшін: 

"Еуразиялық сауда жүйесі" Тауар биржасы " АҚ (ETS Commodity Exchange) 2009 жылдың 30 наурызында өзінің алғашқы сауда-саттықтарын өткізіп, 2019 жылы осы күні өзінің 10 жылдығын атап өтті.

ETS Commodity Exchange биржалық тауарлармен споттық сауда-саттық жүргізуге бағытталған. Сауда - саттыққа қатысушылар - қазақстандық және халықаралық биржалық брокерлер, дилерлер.  Биржа сауда операцияларының ашықтығын арттыру, делдалдық буындарды болдырмау арқылы елде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығын дамыту мақсатында құрылған. Енді биржада споттық сауданың бес секциясы жұмыс істейді: ауыл шаруашылығы өнімдері, мұнай өнімдері, металл және өнеркәсіптік тауарлар, мамандандырылған тауарлар және сұйытылған газ.

ETS Commodity Exchangeбаспасөз қызметі

тел.: +7 727 244 44 55 ішкі7409, call-centre: 8 800 080 05 05;

ұялы тел: +77017873928, e-mail: ungarova@ets.kz

ЕСЖ жаңалықтар
13.02.20 ETS тауар биржасы Маңғыстауда сұйытылған газдың ең мөлдір саудасын қамтамасыз етті
10.02.20 ETS биржасы маңғыстаулық кәсіпкерлерді жеке оқытады
29.01.20 "ЕСЖ тауар биржасы" АҚ Ақтау қаласыда, 35 ш/а., КҚКО ғимаратында сұйытылған мұнай газын сатып алушыларға семинар өткізеді
29.01.20 Сұйытылған мұнай газ сатылатын электрондық аландардын Басқару комитеті жеке кәсіпорындардың қауымдастықтарын қамтуы керек
28.01.20 27 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газының ұйымдастырылған нарығындағы сауда-саттықтың жаңа ережелері күшіне енеді
21.11.17 Шетел сатып алушыларынан қазақстандық астықты сатып алу өтінімдері ЕСЖ биржасының Экспорт орталығында қойылды
13.11.17 "Еуразиялық Сауда Жүйесі" тауарлық биржасы акционерлік капитал құрылымындағы өзгерістер туралы ақпараттандырады
05.09.17 Қазақстандағы электрондық коммерция: жаңа "ЕТС-Тендер" сауда алаңының алғашқы нәтижелері
03.08.17 Агроинфо аграрлық газеті: ірі қазақ өндірушілерді жариялады электрондық сауда алаңы ETS-тендерлік сатып алу рәсімдерін ерте күндері
Барлық жаңалықтар
Сopyright © ЕСЖ Тауар биржасы, 2008-2020 жыл. Осы сайтта орналасқан барлық ақпараттар және талдамалы материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қорғалған. Барлық ақпараттардың пайдаланылуы, таратылуы және жариялануы "ЕСЖ Тауар биржасының" алдын ала жазбаша рұқсатымен жүзеге асады.
Rambler's Top100

Яндекс.Метрика
Байланыс орталығы (Сall-center): Алматы үшін 244-44-55, 8-800-080-05-05 Қазақстан бойынша тегін.
Телефон: +7 727 244-5780, Факс: +7 727 244-5779. E-mail: ets@ets.kz
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы 136, "Пионер 3" Бизнес орталығы