Бейсенбі, 17.10.2019 13:41

8 800 080 05 05
+7(727)244 57 80
ets@ets.kz

Шетел сатып алушыларынан қазақстандық астықты сатып алу өтінімдері ЕСЖ биржасының Экспорт орталығында қойылды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жыл.21 қарашасында, АлматыЕСЖ биржасында ауыл шаруашылығы  өнімдерініңсауда-саттығы бойынша Экспорт Орталығы шетел сатып алушыларының өтінімдерін тіркеуді жалғастыруда. Қос жасырын аукцион режимінде астықты жеткізу өтінімдерінде келесі тауарлар көрсетілген: Қытай, Иран, Ауғанстан, Түркия, Әзербайжан, Түркменістан және Орталық Азия елдері бағыты бойынша рапс майы, күнбағыс, май зығыры, рапс, 3 және 4 класс бидай.

ЕСЖ биржасы Басқармасының Төрағасы Құрмет Оразаев "Экспорт орталығы қазақстандық өнімдерін экспортқа сату бойынша айналымдарды ұлғайту үшін құрылған және отандық фермерлер мен жер иелеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің халықаралық нарықтарына шығу жолдарын жеңілдетті. Біздің экспорт алаңымыз мәмілелердің орындалу тәуекелін жоюға мүмкіндік береді және Қазақстаннан қиыр және таяу шығыс елдеріне тауарларды жеткізу бойынша кешендік сервисті ұсынады" деп атап өтті.

Экспорт орталығының мақсаты – жаңа өткізу нарықтарын отандық тауар өндірушілермен қамтамасыз ету үшін биржалық инфрақұрылымды тарту, сондай-ақ Қазақстанға шетел сатып алушыларын тарту және оларға ауыл шаруашылығы саудасын ұйымдастыру бойынша толық сервис ұсыну.

ЕСЖ Экспорт орталығы – халықаралық сауда қатысушыларының кешендік қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін сауда ұйымдарының жүйесі. Қызметтерге өзара есеп айырысу бойынша сауда мәмілелерін қолдау, сатып алушы еліне жүктерді тиеу және  тасымалдау процестерін ұйымдастыру, жүктерді сақтандыру, тауар сапасы мен санын бақылау, ілеспе құжаттамаларды ресімдеу және басқалары жатады.

Мамандандырылған қызметтерді қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар тартылды. Олардың ішінде - "Baltic Control Kazakhstan" және "СЖС Казахстан Лтд" сюрвейер компаниялары, "Астык Транс" және "Тасымалдау қызметтерінің орталығы" тасымалдау-логистикалық компаниялар, "НОМАД Иншуранс" және СК "Компетенз" сақтандыру компаниялары және басқалары. 

Орталық ауыл шаруашылығының экспорты бойынша өтімді сауда құралдарын қалыптастыру; ішкі және сыртқы тауар нарығының қатысушыларын тартумен нысаналы аудиторияны кеңейту және клиринг сервистерін пайдалану арқылы сауда-саттық қатысушыларының тәуекелдерін азайту міндеттерін орындайды.

Анықтамалық үшін:

 

"Еуразиялық Сауда Жүйесі" Тауар биржасы" АҚ ("ЕСЖ" Тауар биржасы) 2008 жылы құрылды. Бірінші сауда-саттық 2009 жылдың наурызында өтті. "ЕСЖ" тауар биржасы биржа тауарларымен спот сауда-саттықтарын өткізуге бағдарланған. Сауда-саттық қатысушылары – қазақстандық және халықаралық биржа брокерлері, делдалдар. Биржа ішкі және сыртқы сауда саласында мемлекеттік реттеу тетігін жетілдіру, сауда-саттық операцияларының айқындылығын арттыру, делдал топтарын жою юолымен елде ұйымдастырылған көтерме сауда-саттық нарығын дамыту мақсатында құрылды. Биржада спот сауда-саттығының төрт секциясы жұмыс істейді: ауыл шаруашылық өнімдері, мұнай өнімдері, металлдар және өнеркәсіп тауарлары, мамандандырылған тауарлар. "ЕСЖ" Тауар биржасының акционерлері – "Мәскеу Биржасы" ЖАҚ (60,8%), "Esentay AGRO" ЖШС (37,7%), миноритариялар – 1,5%.

Сopyright © ЕСЖ Тауар биржасы, 2008-2019 жыл. Осы сайтта орналасқан барлық ақпараттар және талдамалы материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қорғалған. Барлық ақпараттардың пайдаланылуы, таратылуы және жариялануы "ЕСЖ Тауар биржасының" алдын ала жазбаша рұқсатымен жүзеге асады.
Rambler's Top100

Яндекс.Метрика
Байланыс орталығы (Сall-center): Алматы үшін 244-44-55, 8-800-080-05-05 Қазақстан бойынша тегін.
Телефон: +7 727 244-5780, Факс: +7 727 244-5779. E-mail: ets@ets.kz
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы 136, "Пионер 3" Бизнес орталығы