Сенбі, 16.12.2017 03:39

8 800 080 05 05
+7(727)244 57 80

 Баспа үшін нұсқа

Қазақстанда жеңілдіктері бар жаңа электронды сауда алаңы жұмысын бастайды


Алматықаласы, 10  шілде 2017 ж. 2017 жылдың 27 шілдесінде  ЕТС қазақстандық Тобының және Ресейдің электронды сатып алулар көшбасшысы - B2B-Center бірлескен жобасы "ЕТС-Тендер" инновациялық сауда алаңы ресми түрде басталады.

Қазіргі таңда "ЕТС-Тендер" электронды сауда алаңы демонстрациялық режимде жұмыс істейді. Бұл қазақстандық қатысушыларға қазірдің өзінде тіркелуге және алаңның мүмкіндіктерімен таныса бастауға мүмкіндік береді. Ресми іске қосқан сәттен бастап және 2017 ж. 1 қыркүйегіне дейін  жеткізіп берушілер үшін арнайы жеңілдік кезеңі әрекет ететін болады. Жеткізіп берушілер төлем төлемей-ақ сауда жүргізуге қатысу мүмкіндігіне ие.

ЕТС Тауар Биржасы Басқарма Төрағасы Құрмет Оразаев былай деді: "Міне бірнеше жылдың жүзі болды Биржада арнайы тауарлардың саудасы секциясы жұмыс істеп келеді. Секция бойынша айналым 2016 ж. 40 млрд теңгеден асты, осы жылдың 6 айында–37 млрд. теңгеден асты. Әр жыл сайын көлемдер өсіп келеді. ЕТС-Тендерге біз осы атқарымдарды бірге атқаруды, тапысырс берушілер мен жеткізіп берушілерді көптеп қатыстыруды, және қатысушылар үшін тек тауарларды сатып алуға ғана көп күш жұмсамай,тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша толық сервис енгізуді жоспарлап отырмыз. Қатысушылар жұмыстарын өздеріне ыңғайлы жағдайларда бастай алулары үшін және белсенді сатып алу маусымына дайындалулары үшін біз жеңілдік кезеңін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жариялаймыз".

B2B-CenterБас директоры Алексей Дегтярев былай деп атап өтті: "Біз ЕТС-Тендер корпоративті сатып алулар мен сатылымдар саласындағы Қазақстанның жетекші алаңы болады деп ойлаймыз. Оның әлеуетті пайдаланушылары елде жұмыс істейтін 4000 мыңнан астам ірі және орташа  тапсырыс берушілер болып табылады. Бүгінгі күні Ресейдің ірі компанияларының 65% электронды алаңдарда сатып алуларын жүргізіп отыр. Біздің елдердің экономикаларының құрылымдары жақын, сондықтан келешекте  Қазақстанның кәсіпорындарының жартысынан көбі өз сатып алуларын элеткронды формаға ауыстырады".   

Қазіргі кезде ЕТС-Тендер қазақстандық жеткізіп берушілер мен тапсырыс берушілер үшін оқыту семинарлары мен вебинарларын өткізуді бастап та қойды.

Технологиялық бөлігінің әзірлемесі үшін B2B-Center жауап беретін "ЕТС-Тендер" платформасы сатып алу процедураларының барлық спекторын өткізуді қамтамасыз етеді: бағаларды төмендетуге классикалық аукциондардан бастап көп критериалды сатып алуларға дейін. Жүйенің ыңғайлылығы алаңды қызметтің ерекшелігіне сәйкес қылуға, сонымен қатар сатып алу қызметін және саудаға қатысуды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

 

Анықтама үшін:

B2B-Center – Ресейдегі корпоративті сатып алуларға арналған ірі электронды саула алаңы. 2017 жылы елде бірінші болып сауда-сатып алу қызметін тиімді басқару үшін жинақ сервисті әзірлеген компанияға 15 жыл толады. Осы уақыт ішінде алаңда жалпы 9,6 трлн рубль сомасына 822 000 сауда процедуралары жүргізілді. Жүйе қатысушыларының саны әлемнің 100-ден астам елінен 326 000 компаниядан асады. B2B-Center –де ірі ресейлік компаниялар сатып алулар жүргізеді: "ИНТЕР РАО" КАК, "Росатом" МК, "АВТОВАЗ" ААҚ, "НПК "Уралвагонзавод" АҚ , "Россети" КАК, "Мечел" КАК, "Объединённая авиастроительная корпорация" КАК, "РусГидро" КАК, "Силовые машины" КАК, "Зарубежнефть" АҚ, "КАМАЗ" КАК, ГАЗ Тобы, "УАЗ" ЖШҚ, "ЧТПЗ" КАК, "Кордиант" АҚ, "Т Плюс" КАК, "МегаФон" КАК, "ВымпелКом" КАК, Tele2, "Мираторг" АӨХ және  т.б.

 

 "Еуразиялық Сауда Жүйесі" Тауар Биржасы" АҚ  ( "ЕТС" Тауар Биржасы) 2008 жылы құрылған. Бірінші саудалар 2009 жылдың наурызында болып өтті. "ЕТС" тауар биржасы биржалық тауарлармен споттық саудалар жүргізуге бағытталған. Сауда қатысушылары өнімнің соңғы тұтынушылары, қазақстандық және халықаралық брокерлер. Биржа ішкі және сыртқы сауда саласында мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру, сауда операцияларының мөлдірлігін арттыру, мердігерлік салаларды алып тастау арқылы елдегі ұйымдасқан көтерме нарығын дамыту мақсатында жасалған. Биржада споттық сауданың төрт секциясы жұмыс істейді: ауыл шаруашылықмұнай өнімдері, металлдар мен өнеркәсіптік тауарлар, мамандандырылған тауарлар.

 

Баспасөз қызметі:

тел.: +7 727 244 44 55 вн.7409,

call-centre: 8 800 080 05 05 (Қазақстан бойныша ақысыз)

e-mail: grigoryeva@ets.kz;press@ets.kz

ЕСЖ жаңалықтар
21.11.17 Шетел сатып алушыларынан қазақстандық астықты сатып алу өтінімдері ЕСЖ биржасының Экспорт орталығында қойылды
13.11.17 "Еуразиялық Сауда Жүйесі" тауарлық биржасы акционерлік капитал құрылымындағы өзгерістер туралы ақпараттандырады
05.09.17 Қазақстандағы электрондық коммерция: жаңа "ЕТС-Тендер" сауда алаңының алғашқы нәтижелері
03.08.17 Агроинфо аграрлық газеті: ірі қазақ өндірушілерді жариялады электрондық сауда алаңы ETS-тендерлік сатып алу рәсімдерін ерте күндері
01.08.17 ЕТС-Тендер электронды сауда-саттық алаңындағы бірінші жұмыс күндерінде ірі қазақстандық өндірушілер сатып алу ресімдерін жариялады
10.07.17 Қазақстанда жеңілдіктері бар жаңа электронды сауда алаңы жұмысын бастайды
23.06.17 ЕЭК қарсаңында қуат қорларының ортақ нарығын қалыптастыру үшін биржалық сауда сұрақтарын ұйымдастыру жөнінде отырыс өткізілді
31.05.17 ЕТС тобы мен B2B-Center Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияны дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
30.05.17 ЕТС Биржасы акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысы өтті
Барлық жаңалықтар
Сopyright © ЕСЖ Тауар биржасы, 2008-2017 жыл. Осы сайтта орналасқан барлық ақпараттар және талдамалы материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қорғалған. Барлық ақпараттардың пайдаланылуы, таратылуы және жариялануы "ЕСЖ Тауар биржасының" алдын ала жазбаша рұқсатымен жүзеге асады.
Rambler's Top100

Яндекс.Метрика
Байланыс орталығы (Сall-center): Алматы үшін 244-44-55, 8-800-080-05-05 Қазақстан бойынша тегін.
Телефон: +7 727 244-5780, Факс: +7 727 244-5779. E-mail: ets@ets.kz
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы 136, "Пионер 3" Бизнес орталығы