Дүйсенбі, 23.10.2017 01:24

8 800 080 05 05
+7(727)244 57 80

 Баспа үшін нұсқа

ЕТС тобы мен B2B-Center Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияны дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Алматы, 2017 жылдың 31 мамыры.ЕТС тобы мен Ресейдің электрондық сатып алу көшбасшысы - B2B-Center – Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияны дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Осы ынтымақтастықтың мақсаты электрондық коммерцияның заманауи құралдарын және стандартталмаған тауарлар саудасын енгізу есебінен Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының сатып алу қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ЕТС-Тендер инновациялық сауда алаңшасын іске қосу болып табылады. Жаңа алаңша жергілікті нарықтағы бәсекелестіктің дамуына, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың халықаралық деңгейде алға басуына себептеседі.

ЕТС-Тендер жүйесі коммерциялық компаниялардың сатып алуды және сатуды оңтайландыруда қалыптасқан көпжылдық тәжірибесінің негізінде құрылған, демек корпоративтік сауданың барлық қатысушыларының мүдделерін барынша ескереді.

ЕТС-Тендер платформасы сатып алу рәсімдерінің барлық сатыларын өткізуді қамтамасыз етеді: бағаның төмендеуіне жүргізілетін классикалық ауйкциондардан көпөлшемді сатып алуларға дейін. Жүйенің қолайлылығы алаңшаны клиент қызметінің сипатына сай тарылтуға, сондай-ақ сатып алу қызметін және саудаға қатысуды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

ЕТС-Тендер алаңшасын іске қосу 2017 жылдың шілдесіне жоспарланды.

***

B2B-Center – Ресейдегі корпоративтік сатып алуларға арналған ең ірі электрондық сауда алаңшасы. 2017 жылы елде сауда-саттық қызметін тиімді басқару үшін бұлттық сервисті бірінші болып әзірлеген компания 15 жасқа толады.

Осы уақытта алаңшада жалпы сомасы 9,3 трлн. астам рубльге 806 000 астам сауда рәсімі өткізілді. Жүйе қатысушыларының саны әлемнің 100-ден астам елінде 321 000 компаниядан асып жығылады.

B2B-Center-де сауда-саттықты ең ірі ресейлік компаниялар жүргізеді: "ИНТЕР РАО" ЖАҚ, "Росатом" МК, "АВТОВАЗ" ААҚ, "НПК "Уралвагонзавод" АҚ, "Россети" ЖАҚ, "Мечел" ЖАҚ, "Объединённая авиастроительная корпорация" ЖАҚ, "РусГидро" ЖАҚ, "Силовые машины" ЖАҚ, "Зарубежнефть" АҚ, "КАМАЗ" ЖАҚ, ГАЗ тобы, "УАЗ" ЖШҚ, "ЧТПЗ" ЖАҚ, "Кордиант" АҚ, "Т Плюс" ЖАҚ, "МегаФон" ЖАҚ, "ВымпелКом" ЖАҚ, Tele2, "Мираторг" АӨХ және т.б.

B2B-Center акционерлері Da Vinci Capital, Alpha Associates, Runa Capital, "Эльбрус Капитал" және басқалары болып табылады.

ЕТС тобы "Евразийская Торговая Система" саудалық биржасы" АҚ ("ЕТС" саудалық биржасы) және "ЕТС клирингтік орталығы" ЖШС (ЕТС клирингтік орталығы) ретінде ұсынылып отыр.

"ЕТС"тауарлықбиржасы 2008 жылы құрылған. Алғашқы сауда 2009 жылы наурызда болған. Биржа биржалық тауарлармен споттық сауда-саттық жүргізуге бағдарланған. "ЕТС" саудалық биржасының сауда қатысушылары өнімнің соңғы тұтынушылары, қазақстандық және халықаралық брокерлер болып табылады. Қазіргі уақытта биржада споттық сауданың төрт секциясы бар: ауылшаруашылық өнімдері, мұнай өнімдері, металлдар мен өнеркәсіп тауарлары, мамандандырылған тауарлар. 2016 жылға сауда-саттық көлемі 117 астам млрд. теңгені құрады. "ЕТС" тауарлық биржасының акционерлері Мәскеу Биржасы ЖАҚ (61 %), Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (38 %) болып табылады.

ЕТСклирингтік орталығы клирингтік қызметті жүзеге асыру және "ЕТС" тауарлық биржасындағы сауда-саттық барысында жасалған биржалық мәмілелерді сүйемелдеу мақсатында 2009 жылы құрылған. ЕТС клирингтік орталығының құрылтайшылары "ЕТС" тауарлық биржасы (75 %) мен Мәскеу Биржасы ЖАҚ (25 %) болып табылады.


БАҚ үшін байланыс деректері:

"ЕСЖ" тауар биржасы" АҚ баспасөз қызметі

тел.: +7 727 244 44 55 іш.7409, факс +7 727 244 5779

call-centre: 8 800 080 05 05 (Қазақстан бойынша тегін)

e-mail: nurgazina@ets.kz

 

ЕСЖ жаңалықтар
05.09.17 Қазақстандағы электрондық коммерция: жаңа "ЕТС-Тендер" сауда алаңының алғашқы нәтижелері
03.08.17 Агроинфо аграрлық газеті: ірі қазақ өндірушілерді жариялады электрондық сауда алаңы ETS-тендерлік сатып алу рәсімдерін ерте күндері
01.08.17 ЕТС-Тендер электронды сауда-саттық алаңындағы бірінші жұмыс күндерінде ірі қазақстандық өндірушілер сатып алу ресімдерін жариялады
10.07.17 Қазақстанда жеңілдіктері бар жаңа электронды сауда алаңы жұмысын бастайды
23.06.17 ЕЭК қарсаңында қуат қорларының ортақ нарығын қалыптастыру үшін биржалық сауда сұрақтарын ұйымдастыру жөнінде отырыс өткізілді
31.05.17 ЕТС тобы мен B2B-Center Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияны дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
30.05.17 ЕТС Биржасы акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысы өтті
17.04.17 ЕСЖ 2017 жылдың I тоқсанының қорытындысын жүргізеді
11.04.17 Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату секциясы бойынша 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап 14 сәуіріне дейінгі ETS саудасына қорытынды жасалды
Барлық жаңалықтар
Сopyright © ЕСЖ Тауар биржасы, 2008-2017 жыл. Осы сайтта орналасқан барлық ақпараттар және талдамалы материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қорғалған. Барлық ақпараттардың пайдаланылуы, таратылуы және жариялануы "ЕСЖ Тауар биржасының" алдын ала жазбаша рұқсатымен жүзеге асады.
Rambler's Top100

Яндекс.Метрика
Байланыс орталығы (Сall-center): Алматы үшін 244-44-55, 8-800-080-05-05 Қазақстан бойынша тегін.
Телефон: +7 727 244-5780, Факс: +7 727 244-5779. E-mail: ets@ets.kz
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы 136, "Пионер 3" Бизнес орталығы