2023 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2023 жылдың қыркүйегінде ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің екі сауда сессиясын – бензин және авиациялық отынын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 325 тонна мөлшерінде 4 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы қыркүйекте елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 0,03 % - дан астамын құрады.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 260 тонна көлемінде 3 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 3 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 205 432,17 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) авиациялық отын – 65 тонна көлемінде 1 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 7 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 324 883,67 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 3,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қыркүйекте 2023
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Бензин АИ-92 |
FCA |
205432,17 |
▲+10,2% |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
324 883,67 |
▲ +5,9% |