2023 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2023 жылдың ақпанда ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің әрбір түрі бойынша бес сауда сессиясын ұйымдастырды, сондай-ақ көрсетілген тауар түрлері бойынша бір қосымша сауда сессиясы өтті. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 40 755 тонна мөлшерінде 256 мәміле жасалды, бұл 2023 жылғы ақпанда елдің ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша жалпы көлемнің 4,52 % - дан астамын құрады.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 27 105 тонна көлемінде 144 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 11 сатушы мен 37 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 192 283,33 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 38,2 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині – 6 435 тонна көлемінде 45 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 12 сатушы мен 15 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 241 162,44 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,3 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) дизель отыны - 3 120 тонна көлемінде 19 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 8 сатушы мен 57 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 271 592,46 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 7,7 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) авиациялық отын - 4 095 тонна көлемінде 48 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 9 сатушы мен 6 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 350 511,57 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, ақпан 2023
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Бензин АИ-92 |
FCA |
192 283,33 |
▲ +2,2 % |
Бензин АИ-95 |
FCA |
241 162,44 |
▼ -1,7 % |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
350 511,57 |
▲ +3,9 % |
Дизель отыны |
FCA |
271 592,46 |
▼-10,5 % |
Мұнай жол битумы |
EXW/FCA |
- |
- |