ҚРҰБ ставкасы 17.05.2024
USD: 441.41 RUB: 4.84
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТУҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША САУДА СЕССИЯСЫ

30.01.2023

«ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ мұнай өнімдерін сатушылардың сұранысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция Министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес 2023 жылғы 07 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша 14:00-ден 15-00-ге дейін қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды (2022 жылғы қыркүйек - желтоқсан айларына және 2023 жылдың қаңтар айына мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша - АИ-92, АИ-95 маркалы бензині, дизель отыны, реактивті қозғалтқыштар отыны). Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:

D3DE1TO – «ПҚОП» ЖШС өндірген АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – FCA Текесу станциясы - 3 055 тонна;

D6DE1TO – «ПҚОП» ЖШС өндірген АИ-95 бензині, жеткізу шарттары – FCA Текесу станциясы - 130 тонна;

DRDF4TO – «ПҚОП» ЖШС өндірген қысқы дизель отыны ДТ-З-K4 жеткізу шарттары – FCA Текесу станциясына - 585 тонна;

D3DE1EA – «АМӨЗ» ЖШС өндірген АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – FCA Теңдік станциясы - 65 тонна;

DRDF4EA – «АМӨЗ» ЖШС өндірген қысқы дизель отыны ДТ-З-K4, жеткізу шарттары – FCA Теңдік станциясы - 130 тонна;

D3DE1SP – «ПМХЗ» ЖШС өндірген АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – FCA Павлодар-порт станциясы – 1 820 тонн;

D6DE1SP – «ПМХЗ» ЖШС өндірген АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – FCA Павлодар-порт станциясы  – 130 тонн;

DSDF4SP – «ПМХЗ» ЖШС өндірген жазғы дизель отыны ДТ-Л-K4, жеткізу шарттары – FCA Павлодар-порт станциясы  – 325 тонна;

DADFCSP – «ПМХЗ» ЖШС өндірген РТ реактивті қозғалтқыштарына арналған отын, жеткізу шарттары – FCA Павлодар-порт станциясы  – 65 тонна;

Мәлімет үшін:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес – «қосымша сауда сессиясының қорытындылары бойынша мұнай өнімі бағасының қалыптасқан деңгейі негізгі сессиялар үшін базалық бағаны айқындау үшін негізгі болып табылмайды».